Нығматуллиннің ұлы менің компаниямды тартып алды – кәсіпкер
Фото: Facebook/Kanat Amirkin
Бизнесмен Қанат Амиркин Нығматулллинның үлкен ұлы Нұржан Нұрланов өзінің жол салатын ірі компаниясын тартып алғаны туралы Facebook аккаунтына жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бизнесменнің айтуынша, Нұржан Нұрланов өздерінің банкінен (Qazaq Banki) кредит алуға мәжбүрлеген. Алайда банк банкротқа ұшырап Қанат Амиркиннің ақшасы мен кепілге қойған мүлкі далаға кеткен. Оның ішінде ВОАД автожолына арналған жер учаскесі де бар. Бизнесменнің сөзінше, ол жай ғана банк кепілдігіне алданып қалған.
«Ол кезде олар бизнесмендерді түрмеге жабудан тайынбады. «Live-Alibi» хикаясы бәрінің есінде болса керек. Осындай тағдырға ұшырамау үшін маған кетуге тура келді», деп мәлімдеді бизнесмен.
Бизнесмен Нығматуллиннің үлкен ұлы қарызды қолма-қол ақша ретінде беруді талап етті, алайда Амиркин қолма-қол ақшаның жоқ екенін және оған тек 1 млн доллар бергенін түсіндіріп айтқанда, ол ақшаны өзінің жеке банк картасына аударуды талап еткен. Содан кейін бизнесмен оларды кешіргенін де жасырмады.
Мен бұл жағдайды баяғыда ұмытып, оларды кешірдім. Бірақ кейінірек, олар өздері қашып жүргенде, ол Дубайда маған арадағы кикілжіңді ұмытуды ұсынды. Кездесуде оның 7-8 миллион долларға жуық ақша мен көлік алғанын еске салдым. Бұған ол өзіне жартысы ғана бұйырғанын, ал қалғанын көмекшілері алғанын айтты.
Амиркиннің сөзінше, Нығматулиннің ұлы салықты өзі төлейтінін айтқан.
Салық органдары менің елден мәжбүрлі түрде кеткенге дейін жиналған салықты менен Нығматулин таңдаған компанияның мүлкі үшін (төлқұжаты бойынша - Нұрланов ) өндіріп алу туралы шешім қабылдағанда, мен оған телефон соқтым. Бұның артық екенін айтып, салықты өздерің жабыңдар дедім.
Сондай-ақ Нұржан Нұрланов Қанат Амиркинге «Маған бәрібір, мен енді Қазақстанның азаматы емеспін. Өз проблемаларыңмен өзің айналыс» деп жауап қайтарған. Ал Амиркин бұл туралы 2017 жылдан бері үндемегенін, бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармағанын айтады. Оның сөзінше, ол Қазақстанда тұратын отбасын уайымдаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық