Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
Фото: Orda.kz
7 тамыз күні Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот барысында марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арызын жариялады.
Адвокаттың айтуынша, отбасы 14 739 065 теңге көлемінде материалдық шығынға ұшыраған. Бұл қаражат жерлеу рәсіміне, ас беруге (оның ішінде қырқы), ескерткіш орнатуға, көлік және заңгерлік қызметтерге, сондай-ақ тергеу әрекеттері мен сот процесіне қатысуға жұмсалған.
Ал отбасы моральдық зиян үшін сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрап отыр. Адвокаттың сөзінше, ешқандай өтемақы Нұрайдың ата-анасы мен бауырларының қайғысын жеңілдете алмайды.
«Ата-анасы жалғыз қызынан айырылды. Олар Нұрайды бар мейірімімен өсіріп, тәрбиеледі. Бауырлары сүйікті қарындасынан айырылды. Баласынан айырылған ата-ананың қайғысы мен жан азабын ешқандай материалдық құндылықпен өлшеу мүмкін емес. Қандай көлемде өтемақы талап етілсе де, ол Нұрайды қайтара алмайды және олардың қасіретін жеңілдетпейді», – деді адвокат.
Осылайша, жәбірленуші тарап соттан сотталушы Шерхан Аймаханұлынан 14 739 065 теңге материалдық шығынды, 10 миллиард теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп беруді сұрады. Адвокат егер сот бұл талапты қанағаттандырса, моральдық зиян үшін өндірілетін 10 миллиард теңгенің толық көлемі қайырымдылыққа аударылатынын айтты.
Талап-арыз жарияланғаннан кейін судья сотталушыдан талаптарды мойындайтынын сұрады. Сотталушы талаппен келіспейтінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық