Нипах вирусы Үндістан аумағынан асты: Бангладеште алғашқы жағдай тіркелді
Фото: Pixabay
The Independent басылымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) сілтеме жасап хабарлағандай, қаңтар айының соңында Бангладеште әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі — нипах вирусынан әйел адам көз жұмды. Бұл жағдай Оңтүстік Азия елдерінде ықтимал індеттің таралу қаупіне байланысты бақылау шаралары күшейтілген кезеңде тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
ДДСҰ мәліметінше, алғашқы белгілер 21 қаңтарда пайда болған: әуелі дене қызуы көтеріліп, басы ауырған, кейіннен дезориентация мен құрысу белгілері байқалған. Бір аптадан соң әйел қайтыс болды, ал арада бір күн өткенде жүргізілген зертханалық талдаулар оның нипах вирусын жұқтырғанын растады.
Марқұмның елден тыс жерге шықпағаны белгілі. Алайда дәрігерлердің нақтылауынша, ол шикі финик пальмасы шырынын ішкен, бұл — нипах вирусы жұғуының белгілі жолдарының бірі.
Қазіргі таңда науқаспен байланыста болған 35 адам медициналық бақылауға алынған. Олардың барлығынан алынған тест нәтижелері теріс, әзірге жаңа жағдайлар тіркелген жоқ.
Бангладеште Үндістанның Батыс Бенгалия штатында вирус жұқтыру дерегі анықталғаны хабарларланды. Онда бұған дейін де медицина қызметкерлерінен нипах вирусы табылған. Осыған байланысты Азияның бірқатар елдерінде, соның ішінде Вьетнам, Индонезия және Сингапурда әуежай мен шекарада санитарлық бақылау күшейтілді.
ДДСҰ нипах вирусын аса қауіпті патоген деп бағалайды: оған қарсы вакцина да, арнайы дәрі-дәрмек те жоқ, ал өлім-жітім деңгейі 75 пайызға дейін жетуі мүмкін. Көбіне вирус залалданған жемістер немесе шырындар арқылы жарқанаттардан жұғады. Адамнан адамға берілуі сирек кездеседі.
ДДСҰ өкілдері вирустың халықаралық деңгейде кең таралу қаупі төмен екенін айтып, әзірге сапарлар мен саудаға шектеу енгізуді ұсынбады.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістандағы нипах вирусының өршуіне байланысты Қазақстанның барлық шекаралық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілгені хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
- АҚШ Украинадағы соғысты жазға дейін аяқтауды келіспек — Зеленский
- Нипах вирусы Үндістан аумағынан асты: Бангладеште алғашқы жағдай тіркелді
- Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?
- Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
- Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау: Алғашқы әйел премьер Санаэ Такаитидің бәсі өте ме?
- Испаниядағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
- Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
- Алексей Щербаков Нұрлан Сабуровты қолдауға келді ме?
- Олимпиада-2026: 8 ақпандағы жарыс кестесі
- Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
- СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті
- «Бурабай» балалар спорт мектебінде жүргізілген аудит 6,3 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Нора Джеруто Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстанға «алтын» әкелді
- Қазақстандық күштік құрылымдар UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады
- СҚО-да мұғалімдерге 22 млн теңгеден астам іссапар шығындары төленбеген