СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті
Фото: Көрнекілік үшін
7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Карлуга ауылы маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысудан кейін жеңіл көлік пен жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол апаты шамамен сағат 15:10-да Жезқазған – Арқалық – Петропавл тас жолының 927-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 55 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Петропавл қаласынан Явленка ауылы бағытына қарай келе жатқан.
Белгісіз себептермен ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігін 37 жастағы ер адам басқарған. Салдарынан жеңіл автокөлік пен жүк көлігі кабинасын өрт шарпыған. Toyota Camry жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Апат орнынан олардың күйіп кеткен мәйіттері табылған.
Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлер оған кеуде тұсының соғылуы диагнозын қойған.
«Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан, полиция қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Оқи отырыңыз:
- Қапшағайда екі әйел көлікпен мұз астына түсіп кетті
- Павлодарда жол апатынан бес адам тірідей жанып кетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық