Нетаньяхудың БҰҰ-дағы сөзіне қарсы болған делегаттар залдан түгелдей шығып кетті
Фото: БҰҰ бейнесінен кадр
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 80-сессиясында сөз сөйледі. Оның үндеуіне наразы болған депутаттар өре түрегелді. Көптеген делегациялар, әсіресе араб елдерінің өкілдері залдан шығып кетті, деп хабарлайды Orda.kz бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Сөйлер алдында Израиль делегациясы 2023 жылғы 7 қазанда болған ХАМАС шабуылы туралы фильм көрсетті. Жазбада содырлардың кеудесіне тағылған камералардан алынған кадрлар болды. Осы кезде Иран өкілдері залдан шығып кетті және үстел үстіне Израиль шабуылдары құрбандарының суреттерін қойып кетті.
БҰҰ мінберінен сөйлеген Израиль үкіметінің басшысы ХАМАС-ты қарусыздандыруды және тұтқындарды босатуды талап етті.
«Қару-жарақты тастаңдар, бірде-бір адам қалдырмай түгел босатыңдар — сонда сендер өмір сүресіңдер», – деп доқ көрсетті Нетаньяху.
Ол Дональд Трампқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Батыс елдері көшбасшыларын әлсіздік танытты деп айыптады. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттердің Палестинаны тануы терроризмге көмектеседі екен.
Өзінің өңірлік саясатқа қатысты бөлігінде Израиль басшысы Тегеранның әлі де байытылған уран қорының көп бөлігіне ие екенін атап өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Иранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтіруге шақырды. Ол Сирияның жаңа көшбасшысы Ахмед Аш-Шараамен келіссөз жүргізілгенін растады және бұл келіссөздер Сирияның егемендігін құрметтеу мен Израиль қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұштастыруы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, Нетаньяху Ливан үкіметін «Хезболланы» қарусыздандыру мәселесі бойынша екіжақты келіссөздер жүргізуге шақырды.
Саясаткердің сөзі қатты сынға ұшырады. Al Jazeera-ның хабарлауынша, ашуланған саясаткерлердің дауысынан зал гуілдеп кетті, ал ғимараттың сыртында тіпті наразылық акциялары өтті. Израиль саясатына қарсы шыққандар оны Газа секторындағы әскери іс-қимылдарды жалғастырып жатқаны, гуманитарлық көмекті бөгеп отырғаны және ондаған мың бейбіт тұрғынның қаза табуына себепкер болғаны үшін айыптады.
Бұған дейін Түркия президенті БҰҰ-ның 80-сессиясында сөз сөйлеп, Газадағы жағдайды қатаң сынға алған болатын. Ол әлем елдерін Палестинаны мойындауға шақырып, Газа секторында аштыққа ұшыраған әйелдер мен балалардың суреттерін көрсеткен еді.
Шілде айының ортасында АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Томс Баррак Израиль мен Сирия оқ атуды тоқтатуға келіскенін мәлімдеген болатын.
Биылғы маусым айының соңында АҚШ әскери-әуе күштерінің Иранға жасаған шабуылынан кейін бірінен соң бірі әлем көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен ведомство басшылары өз пікірлерін білдірді.
2024 жылғы мәліметтердің өзінде Газадағы қақтығыс барысында 39 175 адам қаза тауып, 90 403 адам жарақат алған болатын.
Жаңалықтар
- Жолаушыларға лық толы ұшақта портативті қуаттағыш атылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
- Театр ардагері Бижамал Кемалова өмірден өтті
- Салық органдары кәсіпкерлерге қызметкерлердің жалақысын көтеруді жаппай талап ете бастады
- Алматыда биыл 105 лифт ауыстырылады
- Цифрлық майнинг: 2 млрд теңгенің заңсыз криптовалюта операциясы немен аяқталды?
- КҚК Новороссийск арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады
- Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
- 9 ай бойы дұрыс емдемеген: БҚО-дағы аурухана қайтыс болған науқастың отбасына өтемақы төленеді
- Алматыда жер сілкінісін ерте ескерту жүйесі күшейтіліп жатыр: 35 жаңа сейсмобекет салынды
- Немересі әжесінің мәйітімен бірге крематорий пешіне секірді
- Астанада автосалон жұмысшысы клиенттердің көлігін сатып жіберген
- Қазақстандық турист Ыстықкөлде 14 жастағы қызды соққыға жықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады
- Аятолла Мұджтаба Хаменеи қарсылықты жалғастыруға шақырып, АҚШ-пен келісім шарттарын атады
- Қытай АҚШ-пен соғыс және Тайваньды басып алу сценарийлерін макет арқылы пысықтауда
- «Боратты» жарнамаға қосқан Shoqan бренді дауға қалды
- Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi мен Нұрлан Сабуровпен бірге көңіл көтерді
- Иран: АҚШ-қа 20 млрд доллардан астам шығын келтірдік
- Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты