«НеМолчиKZ» қорының негізін қалаған Дина Таңсәрі ұсталды
Фото: Facebook Дина Таңсәрі
Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаған Дина Таңсәрі ұсталды. Оны елге қайтару бойынша өтетін сот ертеңге белгіленді, деп хабарлайды Orda.kz
Бұл туралы Дина Таңсәрінің Telegram-арнасының әкімшісі мәлімдеді. Таңсәрі ұсталар алдында қысқа бейнежазба жазып үлгерген.
«Динаны шамамен 40 минут бұрын ұстады, ол осы бейнежазбаны түсіріп үлгерді. Дина ертең таңға дейін уақытша ұстау изоляторында болады. Таңертең оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтеді. Біз барлық БАҚ өкілдерін, соның ішінде халықаралық басылымдарды және құқық қорғаушыларды бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз» деп жазды Telegram-арна әкімшілері.
Айта кетейік, «НеМолчиKZ» қоры зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық, ақпараттық және психологиялық көмек көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, еске сала кетейік, ішкі істер министірлігі Дина Таңсәрі «НеМолчиKZ» қорының донаттарын жымқырды, деген айып тағып, тергеу бастағанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық