«Дина Таңсәрі «НеМолчи» қорының донаттарын жымқырды»: Өзі бұл туралы не деді?
Фото: Instagram/ dinatansari
Бірнеше күн бұрын «НеМолчи» қорының есепшоттарына бұғатталу қаупі төніп тұрғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Ақпаратқа сәйкес, бұл жағдай қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген айыптардан туындаған. Orda.kz ІІМ-ге Таңсәріге қандай айып тағылғанын анықтау үшін сұрау жолдады. Бүгін біз жауап алдық және бұл мәселеге қатысты «НеМолчи» қоры басшысының пікірін сұрадық. Orda.kz полиция мен қоғам белсендісі арасындағы пікірлерді тыңдады.
ІІМ жауабында алдымен Дина Таңсаріге қатысты 6 қылмыстық іс қозғалғанын, оның 2-і алаяқтық бойынша екенін еске салды. Бұл айыптауларды растау үшін құқық қорғау органдары бірнеше фактілерді келтірді. Бірінші факт бойынша министірлік былай жауап берді.
«Тергеу барысында заң талаптарын бұза отырып, Смайылованың (Таңсәрі) азаматтық некедегі жұбайының есепшотына жалған жарияланымдар жасап, заңсыз қаржы жинау фактілері анықталды. Бұл қаражат кейін жеке мақсатта пайдаланылған. Мысалы, 2021 жылдан бастап Смайылова Қазақстаннан тыс жерде жүріп, зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін қаржы жинауды үнемі жариялап отырған. Мәселен, тек 2024 жылдың 1-21 ақпаны аралығында ол Instagram әлеуметтік желісінде қорға материалдық қолдау көрсету үшін 10 жарияланым жасап, донаттар жіберу үшін Қазақстандағы азаматтық жұбайының есепшоты мен Грузиядағы банк есепшотын көрсеткен».
Orda.kz тілшісімен әңгімесінде Дина Таңсәрі өзіне қатысты қозғалған істерді тағы да заңсыз деп санайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан Черногориядан Дина Смайылованы экстрадициялауды сұраған, бірақ Балқан республикасы қоғам белсендісінің кінәсін растайтын дәлелдерді талап еткен. Алайда, Қазақстан полициясы мұндай дәлелдер ұсына алмаған. Сонымен қатар, Таңсәрі ІІМ жауабында «Смайылованың азаматтық жұбайы» дегенге қатысты Алмат Мұхамеджанов азаматтық емес, заңды күйеуі екенін айтты.
«Біріншіден, Алмат Мухаметжанов менің заңды күйеуім, біз неке қиюды ресми түрде тіркедік. Екіншіден, ол «НеМолчи» қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Полиция біздің құжаттарымызды тексерген, бұл туралы біледі, бірақ ақпаратты бұрмалап отыр».
Екінші талап — Дина Таңсәрінің «НеМолчи» қорында аудит жүргізбеуіне қатысты.
«Мемлекет заңнамасына сәйкес, қоғамдық қор жыл сайын аудиттік тексерулер өткізуге міндетті, оның нәтижелері қоғамдық ұйымның қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек. Алайда «НеМолчи»қоғамдық қоры құрылғалы бері аудиттік тексеруі жүргізілмеген, мәліметтер жарияланбаған», делінген құқық қорғау органдарының жауабында.
Таңсәрі болса «НеМолчи» қоры ұйымдарының аудит жүргізуге міндетті еместігін айтады, өйткені олар ешқандай мемлекеттік қолдау алмайды.
«Біз аудит жүргіземіз, мемлекет бізге қандай да бір грант бөлгенде және оны игергеннен кейін. Бірақ, бұл ешқашан болмаған!» — дейді Таңсәрі.
Сондай-ақ оның айтуынша, олардың қоры мемлекеттің көмегінен толыққанды бас тартады, себебі олар тәуелсіз ұйым болып қалуды көздейді. Сондықтан қаржыландыру ретінде олар донаттарды пайдаланады. Ал Дина Таңсәрінің пікірінше, олар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес «Қайырымдылық» ретінде қарастырылады.
«Біз донаттар бойынша үнемі, жүйелі түрде есеп беріп отырамыз. Мемлекеттің оларға ешқандай қатысы жоқ», — дейді «НеМолчи» қорының негізін қалаушы.
Сонымен қатар, Таңсәрінің пікірінше, оларды қайырымдылық қорларымен қатар қойып жатыр, бірақ бұның дұрыс емес.
«Біз қоғамдық қормыз. Біздің жарғымызда әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, адвокат ұсыну, кеңес беру, психологтармен қамтамасыз ету және ағартушылық жұмыс жүргізу деп анық көрсетілген. Біз жарғымыздан тыс әрекет етпейміз», — дейді ол.
Таңсәрінің айтуынша, аудит тексеруін тапсыру шамамен 5 миллион теңге тұрады, ал қордың мұндай мүмкіндігі жоқ.
Құқық қорғау органдарының жауабына оралатын болсақ, онда тергеу барысында «НеМолчи» қорына аудиттік тексеруі тағайындалғаны айтылған.
«Аудиттік тексеру барысында Д.Смайылованың жеке шотына 56 миллион 123 мың теңге сомасына 7 мыңнан астам транзакция жасалғаны анықталды. Бұл сомадан ревизорлар зардап шеккендердің адвокаттық қызметтері үшін 5 млн 608 мың теңге төленгенін растады, қалған қаражат қордың қызметіне қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалған».
Таңсәрінің айтуынша, бірінші кезекте полиция өзінің функциясына жатпайтын аудитті жүргізіп отыр. Екіншіден, оның сөздері бойынша, жиналған қаражат олар тек адвокаттардың қызметіне емес, қордың жұмысын қолдау үшін басқа да мақсаттарға жұмсалады. 2023 жылғы есепті мысалға келтіре отырып, ол қордың шығындары 65,9 миллион теңге болғанын атап өтті. Онда адвокаттардың қызметінен бөлек, зардап шеккендерге көмек, қызметкерлердің жалақысы, кеңсені жалға алу, баспасөз конференцияларын өткізу, интернет төлемдері және басқа да шығындар көрсетілген. Сондай-ақ, 5,3 миллион теңге Дина Таңсәрінің емделуіне, Черногорияға көшуіне және тұрғын үй жалдауға жұмсалған.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады