Назарбаевтың бұрынғы келінінен зардап шеккендер 12 млрд өтемақы талап етіп отыр
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдының тапсырысымен ұрланған кәсіпкер Тұрсен Алагузов пен Айгүл Мекешова одан материалдық және моральдық шығын ретінде 12 млрд теңгеге жуық ақша өндіріп алмақшы.
Кәсіпкер Алагузов Гүлмира Сатыбалдыға қатысты негізгі сот процесінде Назарбаевтың бұрынғы келінінің өкілдеріне қысыммен берілген өзінің Galanz Bottlers компаниясының 43 пайыздан астам акциясын жоғалтып алғанын айтты.
- Талап арызда акциялардың 43,25 пайызы бар, біз оны шамамен 6 млрд теңгеге бағалаймыз. Моральдық шығын шамамен 5 млрд теңге. Бұл компаниядан алты жылға шеттетілгендіктен, қатты күйзеліске ұшырадым, - деді Алагузов сотта.
Іс бойынша екінші жәбірленуші, ұрланған «Макси Боттлерс» ЖШС-нің бұрынғы қожайыны Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам талап етті.
Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды бұған дейін жәбірленушілерге өтемақы төлеп, медиациялық келісім жасасуға ниет білдірген болатын.
14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Ол қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды, озбырлық жасады және адам ұрлады деп айыпталып отыр.
Айыптаулар алқасында Гүлмира Сатыбалдыдан басқа оның жүргізушісі әрі ұрлыққа қатысы бар Өтебеков Рашид пен Батыршаев Мәдидің аты аталуда.
2022 жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Антикор тергеу барысында Сатыбалдының заңсыз жолмен тапқан 240 млрд теңгеден астам ақшаны қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, тергеушілер экс-президенттің туысының салық төлеуден жалтару, кедендік төлемдер мен ақшаны жылыстату әрекеттеріне қатысы бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде сот Сатыбалдыны мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырды және 10 жылға мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда қызмет атқаруға тыйым салды. Қайрат Сатыбалды келтірілген шығынды ішінара өтеп, кінәсін мойындап, тіпті өкінген.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді: Жаңа Конституция және кедендегі жаңа ережелер
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»