Назарбаевтың жиен немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
Фото: Wikipedia
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың тұңғыш ұлы Алтай Асқардың Кипр азаматтығын алғаны белгілі болды. Ол бұл мәртебеге 2019 жылы, яғни Кипрдің инвестициялық азаматтық беру бағдарламасы жабылардың алдында өтініш бергенде ие болған.
Азаматтық алу құжаттарының жалпы құны шамамен 1 миллиард теңге болған, деп хабарлайды Orda.kz «Выход к морю» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Назарбаевтың жиен немересі Кипр азаматы атанған
Бұл дерек Кипрдің ресми мемлекеттік басылымында жарияланған. Әдетте мұндай өтініштердің нәтижесін жұртқа жария ете бермейді. Алайда сол уақытта ел билігі әлемнің дәулетті азаматтарының көбімен келісімге келген. Кейбір елдерде қылмыстық іздеуде жүрген тұлғалар да Кипр төлқұжатын алған.
Бұл жағдай Еуропалық одақтың наразылығын тудырып, 2020 жылы Al Jazeera арнасы зерттеу жариялағаннан кейін бағдарлама жабылған. Бағдарлама арқылы 7 мыңнан астам инвестор мен олардың туыстары екінші азаматтық алып үлгерген.
Бір паспорттың құны шамамен 2,5 миллион еуро. Демек, Құлыбаевтың ұлы Кипр азаматтығын алу үшін Қазақстан заңына қайшы түрде шамамен 1,07 миллиард теңге төлеген.
Швейцария және әйгілі «Bellerive» сарайы
Алтай Асқар тек Кипр ғана емес, Швейцарияның да резиденттік картасына ие. Бұл елді ол өзінің тұрақты тұратын жері ретінде көрсеткен. Ол әкесі Тимур Құлыбаевтың серіктесі Бахаридин Аблазимовпен бірге америкалық ORBI стартапына инвестиция салған.
Құлыбаевтардың меншігінде Швейцариядағы әйгілі Bellerive сарайы бар. 2024 жылдың ақпанында Женева прокуратурасы бұл нысанның сатып алынуына байланысты тергеу бастаған. Тергеушілер мәміле кезінде пайдаланылған қаржының заңды көзін тексеріп жатыр.
Былтыр Во кантонының соты Құлыбаевтарға тиесілі Fleur du Lac қонақүйін қайта жөндеуге рұқсат беретін құжатты жойған еді. Яғни, сүруге және қайта салуға тыйым салынған.
Мәскеу мен Дубайдағы мүлік
Мәскеуде Алтай Асқардың атына тіркелген пәтер «Москва-Сити» кешеніндегі «Меркурий» мұнарасында орналасқан. Пәтердің жалпы ауданы — 114,5 шаршы метр, 47-қабатта, терезелері Мәскеу өзені мен «Қызыл Пресня» саябағына қарайды.
Мұндай пәтердің нарықтық бағасы шамамен 60 миллион рубль, яғни 400 миллион теңге.
Ал Дубайда оған тиесілі әлдеқайда қымбат пентхаус бар — Palm Jumeirah аралындағы Marina Residences кешенінде орналасқан. Пәтердің ауданы — 633 шаршы метр, бағасы 2 миллиард теңгеге жуық.
Кипрдегі «алтын паспорт» дауы
Қазір Кипр билігі «алтын паспорт» алғандарды қайта тексеріп жатыр. Нәтижесінде шамамен 150 адамның азаматтығы кері қайтарылған.
Олардың қатарында бұрынғы Kazakhstan Kagazy компаниясының басшысы Мақсат Әріп, ресейлік олигархтар Олег Дерипаска, Михаил Гуцериев, Алексей Кузьмичев, өзбекстандық миллиардер Гүлбахор Исмаилова және украиналық кәсіпкер Игорь Коломойский бар.
Еске сала кетсек, бұған дейін Динара Құлыбаева тарихи ғимаратқа қатысты мәселеде мемлекетті өз ыңғайына көндірді. Orda.kz редакциясы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ғимараты кімге және қандай шартпен тиесілі болатынын анықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық