Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы тілдесті
Фото: president.uz
29 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстанның экс-резиденті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке мен тыныштық тіледі.
Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай келіссөз барысында Ташкент пен Астана арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілгеніне басымдық берілді. Сондай-ақ негізгі салалар бойынша көпжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанына ризашылық білдірілді.
«Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ барлық негізгі салалардағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше ризашылықпен атап өтті», деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл байланыс Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуде Владимир Путинмен өткен жүздесуінен кейін болды. Экс-президенттің Кремльге сапары Қазақстанда ішкі саяси талқылауларға ұласты. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді. Депутат мұндай тұлғалардың қатарына Нұрсұлтан Назарбаевты да қосты.
Бұл бастаманың көтерілуіне экс-президенттің Мәскеуге жасаған бейресми сапары түрткі болған. Депутаттың пікірінше, мұндай қадамдар ұлттық қауіпсіздікке белгілі бір дәрежеде қатер төндіруі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық