Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды
Фото: Кремль
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында мемлекеттік құпияға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңмен реттеу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ұсынысқа Нұрсұлтан Назарбаевтың Кремльде Владимир Путинмен өткізген жұмбақ жүздесуі себеп болған.
Депутаттың пайымдауынша экс-президент, министрлер мен өзге де лауазымды тұлғалар иеленген мемлекеттік құпиялар ел қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан олардың шекара асуына құқықтық тосқауыл қою қажет. Бәпи халықаралық тәжірибеге, соның ішінде Қытайдың шектеу шараларына сілтей отырып, Қазақстанның да осындай заңға мұқтаж екенін алға тартты.
«Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте бұл тіленшектік Қазақстанға, қазаққа қарайлас қарекет емес, әдеттегідей тойымсыз жеке бастың қамы болса керек! Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет шығар», – деп мәлімдеді Ермұрат Бәпи.
Ермұрат Бәпи бұрынғы президент Назарбаев пен Қайрат Қожамжаров сияқты тұлғаларға қатысты «шекаралық бақылау» орнатуды ұсынды. Оның айтуынша экс-президенттің Мәскеуге сапары елдің мемлекеттік билігі мен Қазақстан халқына сес көрсету болуы мүмкін.
«Ал бұған және Қожамжаров сияқты басқаларға елдің қауіпсіздік қамына орай күнібұрын шекаралық «қызыл жалауша» қоюға болмай ма? Бұл қабылдаудың саяси мазмұнын Кремль қалай қабылдайтынын қайдам, ал экс-президенттің ішіндегі «қызыл иті» елдің мемлекеттік билігі мен Қазақстан халқына сес көрсетуі деп түсінеміз бе» деп жазды депутат өз парақшасында
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде кездескен еді. Тараптардың қандай мәселені талқылағаны туралы ресми ақпарат жарияланбады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық