«Наурыз» бағдарламасының шарттары өзгереді
Фото: freepik.com
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы шарттарына өзгеріс енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді ипотека бойынша таза әрлеудегі пәтерлерге алғашқы жарна көлемі төмендетіледі. Бірақ шектеулі төменгі депозит мөлшері артады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Келесі жылы бағдарламаға 300 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр екен.
«Талдау барысында екі мәселе анықталды. Біріншіден, көптеген сатып алушылар пәтердің дайын болғанын қалайды. Себебі жөндеу шығындары көбейеді. Осыған байланысты банк тұрғын үй-құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірнеше кездесу өткізді. Енді таза әрлеудегі пәтерлер бойынша бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға дейін төмендейді. Бұл – ынталандыру шарасы», – деді Ибрагимова.
Одан бөлек «Наурыз» бағдарламасына қатысу үшін депозитте кемі 2 миллион теңге болуы керек. Қазір бағдарламаға қатысу үшін депозитте 1 миллион теңге болуы керек болған. Алайда конкурс жеңімпазы қысқа мерзімде тұрғын үй құнының 20 пайызын салуы тиіс.
«Талдау нәтижесінде 2,5 мың өтінімнің тек 39 пайызы ғана осы талапқа сәйкес келетіні анықталды. Сондықтан депозиттегі минималды соманы 2 миллион теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуын жеделдетеді», - деді Ибрагимова.
Өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық