Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
Фото: edu.org.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініш қабылдау басталатынын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрліктің мәліметінше, наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап 25 ақпанға дейін қабылданады.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz ресми сайты арқылы немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Министрлік атап өткендей, наурыз айындағы ҰБТ-ға:
- күндізгі бөлімде ақылы негізде шартты түрде оқуға қабылданған студенттер;
- былтырғы мектеп түлектері мен колледж бітірушілер;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтының өкілдері;
- шетелде білім алған ҚР азаматтары;
- жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге ниетті бітіруші сынып оқушылары қатыса алады.
Өтініш беру кезінде тест тапсырушылар тестілеу өтетін орынды, күнін және уақытын өздері таңдайды.
2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Тестілеу бұрынғыдай, талапкерлер үш міндетті пән және таңдау бойынша екі бейіндік пән тапсырады.
Тапсырмалардың жалпы саны — 120. Оның ішінде:
- «Қазақстан тарихы» пәнінен — 20 тапсырма;
- «Оқу сауаттылығы» мен «Математика» — 10 тапсырмадан;
- екі бейіндік пәннің әрқайсысынан — 40 тапсырмадан беріледі.
ҰБТ бойынша ең жоғары мүмкін балл — 140. Сондай-ақ биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге болашақ мамандықты таңдауға көмектесетін EDUNAVIGATOR.KZ кәсіби бағдарлау платформасын іске қосты. Бұл платформа мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру мақсатында сынама тесттер іске қосылды. Оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында талапкерлерге арналған көмекші материалдар жарияланды.
Тестілеу уақыты — 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.
2026 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға шамамен 184 мың адам қатысқан. Тестілеуге қатысушылардың 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, ал 113 адам ағылшын тілінде тапсырған. Талапкерлердің 68 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл — 64. Ең жоғары нәтиже — 138 балл.
Оқи отырыңыз:
- Қаңтардағы ҰБТ басталды: Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырады
- Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
Жаңалықтар
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?
- Украина астанасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін құлата ма?
- Шымкентте келіншекті өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына тастаған жасөспірімге жаза мерзімі ұзарды
- Елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме? Қырғыз басшысына қойылған сұрақ