Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
Фото: bsh.kz
Қазақстанда 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ талаптарын бұзып, емтиханнан шеттетілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Биыл ҰБТ тапсырған 210 мыңнан астам талапкердің 711-і емтиханнан өтпеді.
Тыйым салынған құрылғыларды – смартфондарды, смарт-сағаттарды, микро-құлаққаптарды алып жүрген 326 талапкер тестілеуден өте алмады.
Ал тест кезінде аудиториядан 380 оқушы шығарылды. Олардың да нәтижелері жойылды.
Сонымен қатар бейнежазбалардан тағы 5 адамның тәртіп бұзғаны анықталды.
Негізгі ҰБТ-2025-ті 210 мыңнан астам талапкер тапсырды. 76,5% – ы қазақ тілінде, 23,5% – ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Тестілеу қорытындысы бойынша 161 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады.
Айта кетейік, мамыр айында Қордай ауданының 2 мектебінде қызмет ететін мұғалімдер оқушының орнына ҰБТ тапсырғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық