Науқастарға әдейі екпе егіп өлтіріп келген дәрігер ұсталды
Фото: freepik.com
Германияда денсаулық сақтау саласындағы атышулы іс тергеліп жатыр. Қасақана науқастарды өлтіріп келген дәрігердің ісі қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс материалдарына қарасақ, дәрігер ауруханадағы науқастарға негізсіз және олардың келісімінсіз өлім қаупі бар әр түрлі дәрі дәрмек қоспасын еккен. Ақыры 12 әйел мен 3 ер адам ажал құшты. Олардың ең жасы 25-те болса, ең үлкені 94 жастағы әйел болған.
2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2024 жылдың 24 шілдесі аралығындағы 15 эпизод бойынша дәрігер айыпталып жатыр. Қамауда отырған дәрігер Берлинде кем дегенде 15 адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Берлин прокуратурасы 16 сәуірде 40 жастағы дәрігерге қатысты тағы 75 эпизод бойынша тергеуді жүргізу керегін мәлімдеді.
Тергеу барысында мәйіттер қазылып, сот-медициналық сараптамалар жүргізілді. Бастапқыда құрбандар саны алдымен 8-ге, содан кейін 9-ға дейін өсті. Қазір құрбан болған 15 адам анықталды.
Тергеушілер тағы 75 мәйітті тексеріп жатыр. Осы іс бойынша Берлиннің қылмыстық істер жөніндегі ведомствосында арнайы бөлім құрылды. Тергеушілер жүздеген медициналық құжаттарды талдады.
Егер айыптаулар расталса, бұл жағдай Германия тарихындағы ең ірі істердің бірі болуы мүмкін. Бұған дейін ГФР денсаулық сақтау жүйесіндегі ең ауқымды кісі өлтіру сериясы 2019 жылы 85 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған бұрынғы медбике Нильс Хегельдің ісі еді. Бұған дейін медбике кісі өлтіргені үшін сотталған болатын.
Айта кетейік, Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Ақылды бала» түзету орталығында балаға күш көрсеткен маман жұмыстан қуылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық