НАТО мен АҚШ Украинаға әскери жеткізілімдердің жаңа жүйесін құруда – БАҚ
© Flickr / U.S. Army Europe Images
Еуропалық және америкалық БАҚ дереккөздерінің хабарлауынша, жаңа әскери көмек жүйесін қаржыландыруды НАТО-ға мүше Еуропа елдері өз мойнына алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоспар бойынша, Украина Қарулы Күштеріне ең қажет қару-жарақ тізімін жасап, оны Priority Ukraine Requirements List (PURL) деп атайтын болады. Солтүстік Атлантика альянсына кіретін елдер өз қорларынан немесе АҚШ-тан сатып алып осы тізім бойынша Украинаға қару жеткізеді. Бұл процесті НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте үйлестіретін болады.
Жеткізілімдер әрқайсысы шамамен 500 миллион доллар тұратын пакеттер түрінде жүзеге асады. Еуропалық шенеуніктің айтуынша, НАТО елдері жалпы сомасы 10 миллиард доллар болатын қару-жарақты Украинаға осылайша жеткізуді көздеп отыр. Бұл жоспар қандай уақыт аралығында жүзеге асады — әзірге нақты белгісіз.
АҚШ президенті Дональд Трамп 10 шілдеде НАТО-ға қару-жарақты сату жоспарларын жариялады, бұл қару кейін Украинаға жеткізіледі. Алайда, бұл механизмнің нақты егжей-тегжейін ол ашып айтпады.
Соңғы апталарда Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путинге көңілі толмайтынын ашық білдіріп жүр. Ол Ресей басшысының Украинадағы соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін айтып, 29 шілдеде Путинге 10 күн ішінде соғысты тоқтату жөнінде ультиматум жариялады. Кремль бұл мәлімдемеге «назар аударылды» деп қысқаша жауап берді.
Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус 1 тамызда елінің алдағы күндері Украинаға екі Patriot зениттік-зымыран кешенін жеткізетінін, ал алдағы 2–3 айда осы әуе шабуылына қарсы жүйенің қосымша компоненттерін беретіні туралы мәлімдеді.
Бұл Вашингтонның Германияға соңғы үлгідегі Patriot жүйесін жеткізуді бірінші кезекке қою туралы уәдесінен кейін мүмкін болды. Қазіргі таңда Германияда бастапқыдағы 12 кешеннің алтауы ғана қалды: үшеуі Украинаға берілген, екеуі Польшада орналасқан, біреуі Германия Қарулы Күштері мен украин сарбаздарын оқыту мақсатында қолданылады.
Биылғы маусым айының ортасында АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды.
Наурыз айының аяғында АҚШ пен Ресей Украина бойынша келіссөздерді бірлескен мәлімдемесіз аяқтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық