Нәпақа іздеген қазақстандықтар Мьянмада құлдыққа түсті
Фото: freepik.com
Нәпақа табу үшін Таиландқа кеткен қазақстандық төрт азаматтың Мьянмада құлдыққа түскені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар адам саудасымен айналысқан топтардың қолына түскен. Мьянмада алаяқтықпен айналысатын орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ол жерде еліміздің азаматтарынан бөлек, Өзбекстанның екі азаматы және Қырғызстаннан жеті адам болыпты. Дипломаттардың көмегімен зардап шеккендерді еліне қайтаруға мүмкіндік туды.
Жәбірленушілердің айтуынша, оларға Таиландта жоғары ақы төленетін онлайн жұмыс ұсынған. Тегін әуе билеттері берілген. Бірақ Таиландқа келгеннен кейін Мьянмаға заңсыз апарып, ұрып-соғып, қоқан-лоққы көрсетіп, жұмысқа салған.
Қырғызстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдігінің жоқ екенін ескеріп Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары қырғыздардың өтініші бойынша олардың да отанына оралуына жәрдем берді.
Еске салайық, Мьянмада 28 наурызда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1600-ден асты. Ғимараттар қирап адамдарды басып қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан өте көп адамның қаза болғанын естігенде премьер-министр Мин Аун Хлайнға және қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық