Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты
Фото: EPA/ТАСС
Мьянма билігі 28 наурызда болған апатты жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны туралы мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды Orda.kz сайты «Синьхуаға» сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін қаза тапқандар саны 1644 адамға жетіп, 3408 адам жарақат алды, тағы 139 адам хабар-ошарсыз жоғалды.
Бұған дейін Бангкокта қаза тапқандар туралы мәліметтер жарияланған болатын. Ол жерде қаза тапқандар саны 10-ға жетті, 16 адам жараланды, 101 адам хабарсыз кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Мьянмада 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша 12: 50-де (Астана уақыты бойынша 11:20) 7,7 магнитудалық жер сілкінісі болып, көптеген қираулар болды.
Эпицентр көлемі жағынан 1,5 миллион адам тұратын елдің екінші қаласы Мандалайдан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан.
Мьянма билігі «кез келген елден, кез келген ұйымнан» гуманитарлық көмек көмек сұрап, «шетелдік көмек үшін барлық жолдарды ашқанын» мәлімдеді.
Жер асты дүмпулері Таиланд, Бангладеш, Лаос, Қытай және Үндістанда сезілді.
Жер сiлкiнiсi едәуiр қирауға әкелді, көптеген ғимараттар бүлiнген не қираған. Бангкокта салынып жатқан 30 қабатты ғимарат құлап, оншақты адам қиранды астында қалды. Бұл Азия өңіріндегі соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі.
29 наурызда Мемлекет басшысы Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы қатты жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор өкінішпен қабылдады.
Сенбі, 29 наурыз күні Мьянмада 5,1 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі болды. Сондай-ақ, елдегі электр құрылғылары зақымданғаны белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы зобалды жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор өкінішпен қабылдады. Ол премьер-министр Мин Аун Хлайнға және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық