Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнің үшінші қабатынан секіріп кетті
Фото: Қорғаныс министрлігінің бейнесінен кадр скриншоты
Алматы қаласында №5571 әскери бөлімде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз ауыр жарақат алды. Ол ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 4 қазанда болғанын Қазақстан Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады. Зардап шеккен сарбаз жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қазіргі уақытта медициналық көмек көрсетілуде.
Ұлттық ұланның мәліметінше, сарбаз әскерге шақырылғанға дейін жақын туысынан айырылып, психологиялық күйзеліске түскен. Оған «бейімделу бұзылысы» диагнозы қойылған және ол әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген.
«Бейнебақылау камераларының жазбалары оқиғаға бөгде адамдардың қатысы жоқ екенін көрсетті. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ұлттық ұлан сарбаздары Абайдың 50 өлеңін жатқа айтып, жұртты сүйсіндірген болатын. Өткен айда Алматы облысы Жамбыл ауданында әскердегі 19 жастағы егіздің сыңары жас сарбаз өзіне-өзі қол салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық