Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы бұйырды
Фото: Facebook/ Сапарбек Нағашыбеков
АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің зиратына қойды. Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты. Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков Facebook парақшасында хабарлады.
«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зиярат етіп, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын. Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді», — деп жазды ол.
Айта кетейік, Қазақ әдебиеті мен тарихын зерттеп, өшпес мұра қалдырған Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында 9 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болды. Жерлеу рәсімі 11 қаңтарда Parklawn Memorial зиратында өтты. Бұған дейін Orda.kz тілшісі қазақ әдебиетіндегі жазушыларға хабарласып, естеліктері және марқұм болған жазушының шетелге кету себебі жайлы сұрастырған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық