Мобильді аударымдар екі түрге бөлінеді
Қаржы министрлігі ұялы аударымдарды жеке және қызметтік трансферттер деп бөлуді ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Министрлік банктік қызмет нақты айналымдарды жасыруға мүмкіндік береді және көлеңкелі айналымның дамуына үлес қосады деген ойда. Ал банктік келісім шарттарына сәйкес клиент есепшот пен картаны іскерлік мақсаттарда пайдаланбауға міндеттеледі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, онлайн-аударымдардың көмегімен бизнесмендер қолма-қол түбіртек бермейді. Айналымды салық есептілігінде көрсетпейді. Аударымдар үшінші тұлғаларға жіберіліп, Салық кодексінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң нормаларын бұзады.
– Мемлекет тарапынан бизнестің ыңғайлы дамуы үшін барлық жағдайлар жасалды. Шамамен 1,2 млн микро және шағын бизнес субъектілері үш жыл бойы кірісіне салық төлеуден босатылды және тексерулерге үш жылдық мораторий енгізді. Сонымен қатар, мораторий кезеңінде бизнес барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларға адалдықпен сәйкес келеді деп күтілді, - деді департамент.
Бұл саланы реттеу үшін Қаржы министрлігі ақша аударымдарын жеке және іскерлікке бөлуді, соңғысы үшін жеке шотты пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар, министрлік «мобильді төлемдер» ұғымын анықтап, кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттар арқылы кірістерді қалыптастыру көрсеткіштерін анықтайтын жүйені дамытуды жоспарлап отыр.
Қаржы министрлігі кәсіпкерді жауапкершілікке тартпас бұрын олар дәлелдемелік базаны жинайтынын түсіндірді.
Шенеуніктер банктер жаңашылдықпен келісіп отыр дейді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлер тұтынушылардан алатын мобильді ақша аударымдарына салық салу жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды
- Алматыда қаланың бас жоспары мен тұрғындар мүддесі сай келмей жатыр
- ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары толассыз түсіп жатыр
- Алматы индустриялық аймағында жаңа жұмыс орындары ашылды
- ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» фестивалінде екі әлемдік рекорд тіркелді
- Maxi шай курьерлері жалақының төмендігі мен басшылық қысымы туралы мәлімдеді
- Елімізде жасанды жаңбыр жаудыру қолға алынады
- Украинада әскери тұтқын мәртебесі бар 12 қазақстандық отыр
- Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Түркістанда жаңа Яссауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласы салынды
- Сұраныс өскен сауда көзі: Mercedes-Benz әскери техника өндірісін бастауы мүмкін
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады