Министрлік Ulysmedia бас редакторына жасалған кибершабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ulysmedia.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ulysmedia ақпараттық порталының бас редакторы Самал Ибраеваға қарсы бағытталған арандатушылық әрекетті қатаң айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство бұл оқиғаны адам құқықтарына, ақпараттық қауіпсіздікке және сөз бостандығына жасалған өрескел шабуыл әрі қоғамға қауіпті киберқылмыс ретінде бағалап отыр.
Министрлік жыныстық қызметтерді жарнамалайтын, порнографиялық контент тарататын және заңмен тыйым салынған интернет-ресурстарды анықтау мен бұғаттау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл бағытта барлық қажетті іс-қимылдар ведомство құзыреті аясында жедел түрде жүзеге асырылады.
«Қазақстанда цифрлық зорлық-зомбылық пен буллингке жол жоқ. Бұл – мемлекетіміздің қағидатты әрі бұлжымас ұстанымы», – деп мәлімдеді министрлік.
Мәдениет және ақпарат министрлігі құқық бұзушылықты жасаған тұлғалар заң алдында жауапқа тартылатынына сенім білдіріп отыр.
Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваның жалған профилі Kyzdar.net сайтында пайда болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық