Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға кибершабуыл жасалды
Фото: instagram / samal.live
Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваның жалған профилі Kyzdar.net сайтында пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгісіз адамдар Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға қарсы кибершабуыл ұйымдастырды. Журналистің айтуынша, оның суреті, аты-жөні мен жеке телефон нөмірі интим қызметін ұсынатын сайттардың бірінде жалған анкета арқылы жарияланған.
«Маған: «мақаланы өшір, тақырыпты өзгерт, суретті алып таста. Әйтпесе көрсетеміз» деген ескертулер бірнеше рет жасалды. Ақыры олар іске көшті. Kyzdar.net сайтында маған тиесілі емес, жалған профиль пайда болды. Қазір телефонымда тыным жоқ. Анайы ұсыныстар, таныстардың қоңырауы мен сұрақтары толастамай тұр. Бұл менің кәсіби қызметіме жасалған тікелей шабуыл», — деді журналист.
Оның пікірінше, бұл шабуыл Ulysmedia.kz порталының редакциялық ұстанымына, атап айтқанда ел ішіндегі өткір мәселелерді көтеруіне байланысты жасалған болуы мүмкін.
Журналист бұл жағдайды сөз бостандығына қысым ретінде бағалап отыр.
Құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін бес күн өткен соң ғана кибершабуыл ресми түрде цифрлық буллинг және киберқылмыс ретінде танылып, қылмыстық іс қозғалған. Журналист осындай оқиғаны екі жыл бұрын да бастан өткергенін еске салып, ол кезде тек президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуынан кейін ғана істің ілгері жылжығанын айтты.
«Бұл жолы да мемлекет басшысының назар аударатынына сенемін. Журналистерге қысым көрсету мен қауіп төндіру — президент ұстанып отырған ашық қоғам мен әділеттілік қағидаттарына қайшы», — деп мәлімдеді журналист.
Сондай-ақ ол Kyzdar.net сайтының қызметіне де заңды баға беруді сұрап отыр. Оның пікірінше, сайтта фейк-анкета жеке өмірге қол сұғу, ар-намысты қорлау және іскерлік беделге нұқсан келтіру әрекеттері көп.
«Бұл — тек менің емес, еліміздегі кез келген әйелдің басына түсуі мүмкін қауіп. Сондықтан цифрлық зорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік деңгейде қолға алынуы тиіс» — деп мәлімдеді журналист.
Қазіргі таңда полиция жалған анкета жасағандарды анықтау және заңсыз контентті жою бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ал Ulysmedia.kz редакциясы қысым мен бопсаға қарамастан, өз жұмысын жалғастыра беретінін хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық