Министрлік түсіндірді: Неге кейде 120 балл жетпей, ал 100 баллмен тегін оқуға түсуге болады?
ЖИ жасаған иллюстрация
ҰБТ-дан шекті балл алған түлектер енді әр оқу орнындағы мамандықтар бойынша конкурстан өтіп, таңдаған мамандықтары бойынша грант бөлінісін түсінбей жатқан көрінеді. Министрлік білім грантын алу үшін тек жоғары балл жеткіліксіз екенін, шешуші рөлді таңдалған мамандық бойынша конкурс деңгейі атқаратынын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі кей жағдайларда 120 балл да жеткіліксіз болып, ал 100 баллмен тегін оқуға түсу мүмкін екенін түсіндіріп берді.
Негізі гранттар әр дайындық бағыты бойынша жеке конкурс нәтижесіне қарай бөлінеді. Сондықтан тек ҰБТ нәтижесі ғана емес, бөлінген орын саны, үміткерлер саны және бәсекелестік деңгейі де маңызды. Сонымен қатар, гранттарды бөлу кезінде кейбір талапкерлер санаттарына арналған квоталар да ескеріледі.
Мысалы, 120 балл жинаған талапкер жоғары сұранысқа ие мамандықты таңдаса, онда бәсекелестік өте жоғары болып, грантқа ілінбей қалуы мүмкін. Ал 100 балл кейбір бәсекесі төмен бағыттарда грант ұтып алуға жеткілікті болуы ықтимал.
Министрлік өкілдері шекті балл тек конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал нақты өту балы конкурс қорытындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болады және әр білім беру бағдарламасына қарай өзгеріп отырады.
Сондықтан талапкерлерге мамандық таңдау кезінде тек өз ҰБТ нәтижесіне ғана емес, грант саны мен күтілетін бәсекелестік деңгейіне де назар аудару ұсынылады.
Осы орайды біз мемлекеттік грант бұйырмаған талапкерлерге тегін оқудың басқа да мүмкіндіктері бар екенін мына жерде жаздық. Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыл мектептері, шағын және моноқалалар түлектеріне 350 грант береді. Сондай-ақ KAZENERGY, «Қазатомпром» және басқа да ұйымдар өз білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі бастамасымен жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QyzPU) базасында студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ситуациялық орталық дәстүрлі түрде өз жұмысын бастады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық