«Миллиондарды жымқырған төраға»: Халықаралық орталық басшысы қанша жылға сотталды?
Фото: Inform.kz
2024 жылғы 2 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басқармасының бұрынғы төрағасы Олжас Ағабековке қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Оны БҰҰ аясында Дубайда өткен халықаралық көрмеге қатысуға бөлінген 270 миллион теңге жымқырды деген күдікпен тергеген болатын. Ағабековтің «ҚазМұнайГаз»-дан Дубайда экологиялық шара ұйымдастыру үшін 121,6 миллион теңге жымқырғаны анықталды. Сондай-ақ, улеродтық бірліктерді сатып алу келісімін тіркеу үшін 35 миллион теңге пара алғаны және заңсыз сыйақы бергені үшін 8,2 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz Олжас Ағабековке прокурор 12 жыл жаза тағайындауды сұрап отырғанын жазған болатын.
Оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Іс бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі тәртіптік жазаға тартылды.
Жаңалықтар
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті