Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
Фото: Әлеуметтік желіден
АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы сот Meta компаниясын қоғамға зиян келтіріп, балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қауіп төндіргені үшін 567 миллион доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Компания бұл шешіммен келіспейтінін айтып, оған шағым түсіретінін және өз платформаларындағы жас қолданушыларды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Нью-Мексико штатының судьясы штаттың талап-арызы бойынша Meta компаниясын 500 миллион доллардан астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Талап-арызда интернет алыбы «қоғамдық зиян келтіріп», балаларға залал тигізгені айтылған.
Бұған дейін, наурыз айында, алқабилер Meta компаниясын балаларға қауіп төндіргені үшін кінәлі деп танып, оның платформаларында балалардың қаскөйлер құрбаны болуына жол бергенін анықтаған. Соның нәтижесінде компания штатқа 375 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелген болатын.
«Біз соттың шешімімен келіспейміз және оған шағым түсіруге ниеттіміз» деп жазылған Meta компаниясының мәлімдемесінде.
Компания сондай-ақ қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын және зиянкестер мен зиянды контентті анықтап, жоюдың күрделілігі туралы ашық айтып жүргенін жеткізді.
Нью-Мексико штатының бас прокуроры Рауль Торрес 2023 жылы Facebook, Instagram және WhatsApp платформаларының бас компаниясы болып саналатын Meta-ға қарсы сотқа талап-арыз беріп, компания балаларды интернеттегі қауіп-қатерден жеткілікті деңгейде қорғамады деп айыптаған еді.
Соттағы қорытынды пікірталас кезінде прокурор Линда Сингер алқабилерге Meta алгоритмдері ересек қолданушыларды жасөспірімдер жариялаған контентке әдейі бағыттап отырғанын, сондай-ақ компания жастар үшін туындайтын қауіптерге қатысты ішкі деректерді жасырғанын айтты.
Наурыз айында алқабилер Meta компаниясы балалар үшін өз платформаларының қауіпсіздігі туралы тұтынушыларды жаңылыстыру арқылы штаттың адал емес коммерциялық қызметке қатысты заңын бұзды деген қорытындыға келген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық