«Меломан» қазақ баспасының кітаптарын сөрелерден алып тастамақ болды
Коллаж: Orda.kz
Mazmundama баспасының жетекшісі Шыңғыс Мұқан «Меломан» кітап дүкенінің үш айдан бері ақшасын қайтармағанын айтып мәлімдеме жасады. Осыдан кейін, кітап дүкені келісімшартты бұзбақ болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шыңғыс Мұқанның сөзінше, баспа үйі кітаптарын дүкенге қарызға берген. Содан бері ақшасын ала алмай жүргеніне үш айға жуық уақыт өткен. Баспагер тиісті ақшасын талап етіп, жазба қалдырған. Осыдан кейін ғана «Меломан» қарызын қайтарған.
Бірақ артынша «Меломан» басшылығы ресми хат жолдап, баспа үйімен арадағы келісімшартты бұзатынын хабарлаған.
«Қазақ тілінің контентін әлем әдебиетін аудару арқылы дамытып жатқан Mazmundama баспасы өз кітаптарын «Меломанға» қарызға береді (өзіміз де баспаханалардан қарызға бастырамыз). Өткен соң, ақшасын ай сайын бізге аударып отырады. Біз баспаханадан қарызымыздан құтыламыз, ұжымға айлық береміз. Ақшамызды ала алмай жүргенімізге үш айға қараған соң, кеше талап етіп пост жаздық. Ақшамызды алып, ұжымның айлығын төледік. Енді, бүгін міне, өз ақшамызды сұрап алғанымыз үшін «Меломан» осындай хат жазып жіберіпті. Mazmundama-мен шартты бұзбақ», — деп жазды Mazmundama жетекшісі.
Mazmundama жетекшісі өз ақшасын сұрағаны үшін қысымға тап болғанын айтып, өкінішін білдірді.
«Қадірлі әріптестер, «Меломан» қарыз болып, қайтармай отырса, ниеттестік танытуды сұраймын. «Меломан» көзмайын тауысып кітап шығарып отырған біз сияқты баспалардан қарызға кітап алып сатып пайда тауып отырған дүкен. Серіктестерінің ақшасын бермей осылай қорлайтын, талап етсең, кітабыңнан бас тартатын дүкенге қарызға не үшін кітап береміз? Бермесек, Ресей баспаларының орысша кітаптарын ғана сата берсін. Олардан, меніңше, кітапты нақ ақшаға сатып алады» деп жазды Mazmundama жетекшісі.
Дүкен желісінің бұл шешімі қоғам наразылығын тудырды.
Әлеуметтік желіде жұрт «Меломанға» бойкот жариялауды бастаған еді. Кейін түн ортасында «Меломан» қателескенін айтып, компания атынан осы жолы хаттың қазақша жазылғанын атап өтті.
Енді ол бұдан былай дүкенге «қарызға кітап» бермейтінін айтты.
«Меломан» өз кезегінде отандық авторлар мен баспаларды қолдауды өзінің басты басымдықтарының бірі екенін айтады.
«Алдағы уақытта да отандық кітаптардың үлесін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырамыз. Соңғы тоқсанда қазақстандық баспалардың кітап сатылымы 23%-ға артып, ассортимент 12,5%-ға ұлғайғанын хабарлаймыз» деп жазды компания хатында.
Қазақстанда ғылыми-танымдық әдебиет пен журналдардың жай-күйі туралы Orda.kz жазған болатын. Біздің тілшіміз ең үлкен кітап сататын Meloman дүкеніне барды. Ондағы қазақша кітаптардың аздығы мұндай бағыттағы еңбектердің жоқ екенін білдірмейтіні рас. Біз қазақша кітаптардың осы дүкенде неге қарасы аз екені жайлы белгілі «Әл-Жәбірдің атасы» атты журналын ашқан Садық Шерімбектен сұрадық.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға шығады
- Президент елді «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады
- Қордай ауданында «Lexus» пен «Tank 500» көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
- Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау – конституциялық міндет
- Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға болатын қаражат жаңа формуламен есептеледі
- Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты
- Мейірман Шекеев: Депутат болу, әл-Фарабидегі апат және Шавкат Pахмонов
- Алматыдағы балалар ауруханасында қызметкер мен науқастың анасы төбелесті: Полиция тергеу бастады
- Алматы вагон пайдалану депосының директоры ұсталып, оған қатысты тергеу басталды
- Қазақстан азаматы Қытайда адам өліміне әкелген төбелестен кейін ұсталды
- Қазақстанның оңтүстігіне әскери дрон құлады
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс неден болған?
- ҰҚК ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы ұсталды ма?
- Актерлер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтардың тұңғышы қайтыс болды
- Еуропа саясаткерлері мигранттарды Қазақстан мен Өзбекстанға депортациялауды ұсынды
- Иран Израиль әрекетінен кейін АҚШ-пен келіссөзді тоқтатты
- Тоқаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті
- Қазақстанда жылдық инфляция 10,4%-ға жетті
- Павлодар облысында «Газель» жаяу жүргіншілер жолында әйел мен баланы қағып кетті
- Аяғынан айырылды: Астана-Павлодар тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш жолаушы зардап шекті