Мектеп пен колледждің кампусына құлаған ұшақ апатынан 27 адам мерт болды
Фото: freepik.com
Бангладештың астанасы Даккадағы мектеп пен колледждің кампусына оқу-жаттығу ұшағы құлады. Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 27-ге жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұшақ кеше, 21 шілде күні Дакканың Уттара ауданында орналасқан Milestone мектебі мен колледжінің кампусына құлады. Апат кезінде білім ошағында студенттер мен оқушылар болған.
Бангладеш армиясының баспасөз қызметі қысқаша мәлімдеме жасап, елдің әуе күштеріне тиесілі F-7 BGI оқу-жаттығуға арналған ұшағы апатқа ұшырағанын растады. Өрт күзеті қызметінің өкілі Лима Ханның айтуынша, қаза тапқандардың арасында оқушылар, оқытушылар және ұшқыш бар.
Бангладеш үкіметі 22 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Билік қайғылы жағдайдың себептерін тергеу үшін комиссия құрды.
Айта кетейік, Атырау облысы Құлсары қаласына жақын орналасқан Тұрғызба ауылындағы «Ниет» автогаз құю бекетінде болған қайғылы оқиғадан кейін екі ай өткен соң, бекеттің директоры ұсталды. Жарылыс салдарынан ерлі-зайыпты мерт болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық