Ерлі-зайыптыларды мерт қылған жарылыс: Атыраудағы жанармай бекетінің директоры ұсталды
Фото: Pexels
Атырау облысы Құлсары қаласына жақын орналасқан Тұрғызба ауылындағы «Ниет» автогаз құю бекетінде болған қайғылы оқиғадан кейін екі ай өткен соң, бекеттің директоры ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен ол үй қамаққа алынды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың мамыр айында болған жарылыс салдарынан ерлі-зайыпты қаза тапқан болатын. Артында үш бала қалды. Жарылыстан зардап шеккендерді ауыр күйік шалып, олардың мүрдесін тану мүмкін болмады. Жұбайлардың денесін туыстары екі айға жуық уақыт жерлей алмай, сот-медициналық сараптама нәтижесін күтті.
Бұған дейін Orda.kz редакциясы жарылыстан көз жұмған жұбайларды бүтін бір ауыл ақтық сапарға шығарып салғаны жайлы жазған болатын.
Бұл трагедия қоғамда үлкен резонанс тудырды. Шағымның көптігі мен арыздарға қарамастан, «Ниет» жанармай құю бекеті жұмысын жалғастырып келді.
Қазір тергеу мәліметінше, бекет директоры қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылып отыр. Жарылыстың ресми себебі әлі жарияланған жоқ. Дегенмен бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті газдың сыртқа шығуы мен ұшқыннан тұтанған өрт болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қаза болған отбасының туыстары Бас прокуратурадан істі бақылауға алуды сұрап отыр.
Еске сала кетейік, 30 мамыр күні Құлсарыда жанармай құю бекеті жарылып, 16 адам зардап шекті. Ерлі-зайыпты болған екі адам көз жұмды. Сол қаланың тұрғыны Ләйлә Сұлтанбаева тілшілерімізге оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық