Мексикада ең ірі есірткі ұйымының жетекшісін өлтірді: Елде не болып жатыр?
Фото: X / Jorge García Orozco
Мексика армиясы жүргізген операция барысында Немесио Рубен Осегера Сервантес, «Эль Менчо» деген атпен танымал , Халиско («Жаңа буын») картелінің жетекшісінің көзі жойылды. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ең ірі есірткі ұйымының жетекшісі Тапальпа қаласы маңында болған атыс кезінде жараланып, ауруханаға барар жолда көз жұмған, деп хабарлайды Orda.kz PБК сайтына сілтеп.
Ел президенті Клаудия Шейнбаум Эль Менчоның қазасынан кейін елдің барлық аймақтарының әкімшіліктерімен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ әскерилердің жұмысын жоғары бағалады.
АҚШ Эль Менчоның өлімін Мексика, АҚШ және Латын Америкасы үшін «маңызды оқиға» деп атады. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау мексикалық қауіпсіздік күштерін Эль Менчоны жойғанымен құттықтап, оны «ең қанқұйлы әрі қатыгез наркобарондардың бірі» деп атады. Мексика билігі операцияның АҚШ-пен үйлестіріле жүргізілгенін мәлімдеді.
Эль Менчо содырлары Халиско штатында және өзге өңірлерде шабуылдар ұйымдастыруда. Дүкендер мен дәріханаларды, мемлекеттік банктерді өртеп, көліктерді айдап әкетіп, жолдарды жабуға тырысуда. Шабуыл салдарынан елдің кейбір аймақтарында көлік қозғалысы тоқтаған.
Курортты қала Пуэрто-Вальярта әкімшілігі тұрғындар мен туристерді үйде қалып, аса қажеттілік болмаса сапарға шықпауға шақырды. Гвадалахара университеті оқу үдерісін уақытша тоқтатып, қала тұрғындарын үйде болуға үндеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық