АҚШ президенті резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты
Фото: bbc.com
АҚШ президенті Дональд Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясы аумағына қарулы ер адам заңсыз кіріп кеткен. Оны АҚШ-тың құпия қызмет агенттері атып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz bbc-ге сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, шамамен 20 жастағы жас жігіттің қолында қару болған. Құпия қызмет марқұмның аты-жөні оның туыстарына хабарлағаннан кейін ғана жария етілетінін мәлімдеді.
Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоуның резиденция аумағына мылтықпен кірген ер адам қарсылық көрсетуге тырысқанын айтты. Оның сөзінше, күдіктімен шерифтің орынбасары және екі күзет агенті бетпе-бет келген. Олар ер адамға қолындағы жанармай құйылған канистр мен мылтықты тастауды бұйырған.
Ер адам канистрын жерге қойғанымен, мылтық атуға оқталған. Осыдан кейін шерифтің орынбасары мен құпия қызмет агенттері жігітті атып түсірген.
Бұл Мар-а-Лаго қаласында орналасқан жеке резиденция. Ол жер 2019 жылдың қараша айынан бері Трамп отбасының тұрғылықты мекені болып кеткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты