«Медицина жанжалы»: Бас прокуратурадағы келеңсіздік
Фото: Pexels
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған Айтбек Ауылбаевтың өтініші Президент әкімшілігінен Бас прокуратураға, содан кейін қателесіп Ұлытау облысының прокуратурасына жіберілді. Ал Балқаш қаласы болса, Қарағанды облысына жатады.
Бұл туралы өтініш жолдаушы өзінің instagram парақшасында жазды.
«Шенеуніктер Балқаш қаласының Қарағанды облысында орналасқанын білмейтін сияқты», — дейді өтініш иесі Айтбек Ауылбаев.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін дәрігерлердің салғырттығынан қаза болған әпкесі жайлы айтып, құқық қорғау органдары күдіктілерді әлі ұстамай отырғанына наразы болған азамат жайлы жазған болатын.
Осы мәселе жайлы жазылған соң, осы жақында тұралап қалған істің алға басып, мәселеге Қарағанды облыстық прокуратурасы кірісті. Енді Айтбек Ауылбаев Президентке жолдаған өз өтінішін Бас прокуратура Ұлытау облысына жібергенін айтып отыр.
«Олар тіпті Балқаш қаласының қай облыста орналасқанын білмейді. Бізге қалай өмір сүру мен заңдарды сақтау керегін үйрететін адамдардың өзі ҚР аумақтық-әкімшілік бөлінісі туралы заңды білмейді» деп өтініш беруші өз пікірінде атап өтті.
«Келесі жолы Бас прокуратура Балқашқа ұқсас Балашиха қаласының прокуратурасына (Ресей) сұрау жібере ме?» деп ол біліксіздікке мысқылдап тиіскен жазба қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық