«Медицина жанжалы»: Ішіндегі іріңмен 1 ай жүрген марқұм
Orda.kz бұған дейін дәрігерлердің салғырттығы мен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі жайлы көтерген болатын. Сол іс қазіргі таңда жылжып, Қарағанды облыстық прокуратурасының тергеу басқармасы істі қолына алды.
Қаза болған Меруерттің өліміне қатысты құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі және сол себепті медицина қызметкерлерінің 9 ай бойы ұстамағаны біраз дау туғызып еді. Бұған дейін марқұмның бауыры облыстық прокуратура іске назар аудармағанын айтып еді.
Ұзаққа созылған іс
Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғыны Меруерт Аулбаеваның бауыры, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы болып әлеуметтік желілерде жазбаларын қалдырған болатын.
Меруерт Аулбаева 9 ай бұрын соқыр ішекті алып тастау отасынан кейін сепсис болып, дәрігерлер дұрыс қарамағаннан қайтыс болды. Айтбек Аулбаевтың айтуынша, дәрігерлердің қылмысын анықтайтын сараптамалардың бәрі бар. Тек құқық қорғау органдары күдікті ретінде ұстамай отыр. Бірақ бұл істі қайта-қайта сараптама жасатып, созып келе жатқанына 9 айдан асты.
Прокуратура іске енді кірісті
Бүгін, 10 тамызда Марқұмның бауыры Айтбек Аулбаев істің Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырылғанын хабарлады.
Ол облыстық полиция департаменті мен прокуратура тергеу барысын талқылағанын хабарлады. Балқаштағы полиция бөлімшесі өзінің жұмысының тиімсіздігін мойындады. Өйткені бірнеше рет бірдей сараптамалар тағайындалды және жәбірленушілердің құқықтары бұзылды. Мысалы, шілде айында үш бірдей сараптама тағайындалды. Бұл көптеген шағым мен істің тұралауына себеп болды. Марқұмның бауыры Балқаш полициясы сарапшылардың өтініштерін мақұлдамағанын айтты. Айтбек Аулбаев мерзімдерді созғанын және сараптамаларды орындамай қайта жібергенін де мәлімдеді.
Облыстық прокуратура істі облыс деңгейіне жіберетінін растады.
«Қарастырамыз...»
«Облыстық прокуратурада кездесу өтті. Прокурор істі облыстың деңгейіне көтерілетінін мәлімдеді. Алайда, прокуратураның бұл сараптаманы жүргізуді талап етуі және құқықтарымның бұзылуына назар аудармауы түсініксіз болып қалды.
Прокуратураның тергеуді қиындатуға және оны мүмкіндігінше ұзақ созуға тырысатын сияқты көрінді. Мүмкін, мен қателесіп отырған шығармын, бірақ фактілер керісінше екенін айғақтап тұр. Облыстық прокуратураның жәбірленуші құқықтарының бұзылуына мұншалықты тыныш қарауы мені таң қалдырады. Мен прокурордан бұл мәселені тікелей өзім сұрадым. Ол «Қарастырамыз» деп жауап берді. Жақсы, арты қалай болар екен... Қашалықты оғаш естілсе де айтайын. Қазіргі уақытта 9 ай бойы «қарастырып жатыр ғой», — деді марқұмның бауыры.
Жаңалықтар
- «Басында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркемеңіз»: Ринат Зайытов орыс тілінде сөз сөйлеген шенеуніктерге шүйлікті
- Астанада 5 адам қаза болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты
- «Несие рәсімдеген»: Әйел смартфон қолдана алмайтын қойшыны сан соқтырған
- «Қазақстанда көмір өндірісі тоқырады»: Көмір бағасы қаншаға қымбаттады?
- «Әскер 2 жыл болуы керек»: Ринат Зайытов әскердегі былықты әшкереледі
- «Үнсіздік жойылып, күрес басталды»: Мәсімовтің күйеу баласы өз шындығын айтты
- Жетімдерді құл еткен Ұлытаудағы әйелге сот үкім шығарды
- Шымкент қаласының дәрігерлік-денешынықтыру диспансерінің басшысы сотталды
- «Автобустағы әлімжеттік»: Жасөспірімді ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Ауыл әкімі үйге терезеден кіріп, әйелге қол жүгірткен
- «Бір көзі көрмей қалды»: БҚО-да абайсызда оқушыға оқ атқан адам сотталды
- Алматыда референдум заңнамасын бұзған төрт адам жауапқа тартылды
- Президенттің немере інісін үйқамаққа жіберді
- «Жолаушы мерт болды»: Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
- «Орта Азиядағы маскүнем ел»: Еліміздің қай аймағының тұрғындары көп ішеді?
- «Көгеріп кеткен»: Құдықта қаза болған 3 адам туралы тың дерек шықты
- «Отбасындағы жанжал»: Ақтауда ер адам терезеден секірмек болды
- «Жарылғыш пейджерлер»: Израиль жіберген құрылғылардан 11 адам қаза болды
- Ашулы әйел Астана бекетіндегі сауда сөресін қиратты
- «Сот мақұлдамады»: Бұрхан Жансейітовке Алматы прокуратурасы жеңіл жаза ұсынды