Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауыты қызметкерлеріне 50 пәтер сыйлады
Фото: Инстаграм/ tursenalaguzov
Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытында 46 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерге 50 пәтер сыйлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкер Шымкент сыра зауытының 50 жылдығына орай осы зауытта елу жылға жуық жұмыс істеген елу қызметкерге су жаңа пәтерден сыйлады. Алагөзов қызметкерлеріне құттықтау сөзін сөйлеп тұрып өмірі мен бизнесіндегі қиын сәттерді еске алып көз жасына ерік берді.
«Менің бір кездері кәсібімді тартып алғанда 200 мың теңге айлыққа өмір сүрдім. Сүт пен нанға ақшамды санап жүретін едім. Ол кезде мен ипотекаға алынған пәтерде тұрдым, ай сайынғы төлемді төлей алмасам пәтерімді тартып алады деп қорқатын едім. Сол кездері өз-өзіме сөз беріп едім, егер бизнесімді қайтып алсам барлығына көмектесімін деп. Ол қиын қыстау кезеңдерде ертеңіме деген сенім болмаған еді. Сіздердің ертеңге деген сенімдеріңіз болсын деп осы елу пәтерді сыйлағым келеді», – деді Алагөзов.
Еске сала кетейік, Шымкент сыра зауыты 2024 жылы Алагөзовтің иелігіне өткен еді. Қазіргі уақытта Шымкент сыра зауытын кәсіпкердің ұлы Арсен Алагөзов басқарады.
Оған дейін «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС — олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болды. Төлешов трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін, сондай-ақ билікті басып алуға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып, 21 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық