Марғұлан Сейсембай: «Биліктегі «ескі» Қазақстан позициялары әлі де мықты»
Фото: Коллаж Orda.kz
Белгілі кәсіпкер әрі бизнес-курстардың авторы Марғұлан Сейсембай өзіне тиесілі жер телімдерінің заңсыз, алаяқтық жолмен тартып алғанын әлеуметтік желіде хабарлады. Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың «жұмбақ» күйеу баласы Р.Д.Сәкенов деген кім? Жақында ғана 20 жылға сотталған бұрынғы қаржы полициясының қызметкері Талғат Махатовтың бұл іске қандай қатысы бар? Қазіргі таңда тергеуге жіберілген істің жалғасуына кімдер кедергі келтіріп жатқанын Orda.kz тілшісі білді.
Әлеуметтік желіде кәсіпкер президент әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дадебаев пен премьер-министр Олжас Бектенов, Бас прокурор Берік Асылов, Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтың атына үндеу жариялады.
«Президент Тоқаев билікке келгелі бері мен де және жақындарым да менен арсыз жолмен тартып алынған активтердің бір бөлігін қайтып ала аламын деген үміт болған. Алайда, өкінішке қарай, биліктегі ескі Қазақстан өкілдерінің позициялары әлі де мықты. Менің бірнеше рет жасаған үндеулеріме ешқандай реакция болған жоқ. Ал мына іс бойынша былық әлі жалғасып жатыр. Мен оларға өз істерін жалғастыруға мүмкіндік бермеу үшін әдейі осы үндеуді жариялап отырмын» , — деді Сейсембай.
Марғұлан Сейсембай Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың күйеу баласы Сәкенов пен бұрынғы қаржы полициясының қызметкері Талғат Махатовтың кәсіпкер мен оның жақындарына тиесілі Алматыдағы жер учаскелерін тартып алу схемасын ашып айтып берді. Оның мәліметінше, бұл қылмыстық схемаға мемлекеттік және мемлекеттік емес орган өкілдері қатысқан. Р.Д.Сәкенов құжаттарды қолдан жасап, жерлерді үшінші тұлғаларға өткізіп, сатқаны анықталды. Сейсембай жерлерін қайтаруға тырысқанда, Р.Д.Сәкенов және бұрынғы қаржы полициясының қызметкері Талғат Махатовпен қосылып, Марғұлан Сейсембайға ашық түрде қоқан-лоқы көрсетіп, арыздарынан бас тартуға мәжбүр етуді талап еткен. Олар кәсіпкерге қарсы жаңа қылмыстық іс қозғап, оны жақындарымен қоса түрмеге дейін жеткізетінін айтқан.
«2019-2020 жылдарға дейін біз бұл істен бас тартуға мәжбүр болдық. Тек 2023 жылдың соңында Р.Д.Сәкеновке қатысты қылмыстық істерді тіркеуге қайта әрекет жасадық. Бірақ тергеу барысында Алматы қалалық прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов тарапынан тергеуге ашық әрі дөрекі кедергі келтірген фактілерге тап боладық. Ол бас прокурордың бірінші орынбасары Тәшімбаев Тимурдың нұсқауымен тергеушілерді қорқытып, Алматы қаласының полиция департаменті тергеушілеріне телефон шалып, істі жабуды талап еткен. Тіпті, 24 қыркүйек күні түнде тергеушілерді жұмысқа шақырып, Қайрат Шәріпбаевтың күйеу баласы Р.Д.Сәкеновке қатысты қозғалған қылмыстық істерді дереу жабуға мәжбүрледі» , — дейді кәсіпкер.
Бір қызығы, қылмыстық іс басталғалы бері Алматы қалалық прокурорының орынбасары Асхат Шәріповтің қандай мақсатта істі тезірек жапқызуға тырысып жатқаны белгісіз. Осы сұрақтарды біз Алматы қаласының прокуратурасына жібердік.
Прокуратура Orda.kz сауалына қатысты қалалық прокурор орынбасарының тергеу жұмыстарына кедергі келтіргені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған мәліметтерді жоққа шығарды.
«2024 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қалалық Полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатқанын хабарланды. Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 290-бабының 1-бөлігіне сәйкес, прокурор қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алғаннан кейін 10 күн ішінде оның заңдылығын тексеріп, шешімді бекітеді немесе дәлелді себептермен бас тартып, істі тергеушіге қайтаратынын түсіндірді. Прокуратура қабылданған шешімнің заңдылығына құқықтық баға беріп, оны заңнамаға сәйкес қадағалайтын болады», делінген прокуратураның түсіндірмесінде.
Іске қатысты белгілі және белгісіз тұлғалар.
Сондай-ақ, бұл жерлерді заңсыз тартып алу ісінде әу бастан бері, басы-қасында жүрген «Бетон» лақап атымен танылған Талғат Махатовтың жақында ғана кісі өлтірген үшін 20 жылға сотталғанын еске саламыз. Талғат Махатов жайлы тың ақпараттарды Orda.kz тілшісінің зерттеуінен оқи аласыздар.
Ал Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың «жұмбақ» күйеу баласы Р.Д.Сәкенов деген кім деген сауалға бізде ақпарат іздеп көрдік. Бірақ, ғаламторда Сәкеновке қатысты бірде-бір мәлімет жоқ. Қайрат Шәріпбаевтың бірінші некеден туылған қызы Қорлан Шәріпбаевтың күйеуі болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ, бұл нақты емес.
Қайрат Шәріпбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевамен отау көтерді деген ақпарат 2013 жылдан бері айтыла басталған болатын. Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» компаниясының басқарма төрағасында қызметте болды. БАҚ-та оған тиесілі бірақ басқа адамдарыдың атынан ашылған компаниялар мен «ҚазТрансГаздағы» лауазымын пайдалану арқылы байып отыруы мүмкін деген ақпаратар да тараған болатын. Қайрат Шәріпбаев бұл қызметтен 2022 жылдың қаңтар айында өз өтініші бойынша босатылған.
Сонымен қатар, Марғұлан Сейсембай Бас прокуратура Р.Д.Сәкенов мырзаның заңсыз шығарылған активтерін шетелде іздеу, және елге қайтару жөніндегі арыздарына барынша кедергі келтіріп жатқандығын айтты. Осы орайда, соңғы жылдары елден жымқырып шетелге заңсыз шығарылған активтер мен қаржыларды қайтару процесіне қоғам болып куәгер болдық. Атап айтар болсақ, Қайрат Сатыбалды 1,6 млрд АҚШ долларлық активтері елге қайтарылды. Сатыбалдының шетелден дорбаланып қайтқан мүліктері жайлы толық Orda.kz тілшісінің зерттеуінен оқи аласыздар.
Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында мемлекетке қайтарылған активтер туралы барлық ақпаратты және олардың мақсатты пайдаланылуын реттеу қажет екендігін айтқан болатын. Егер президенттің өзі шетелден қайтқан активтер туралы айтып отырса, неліктен Марғұлан Сейсембайдың жоғарыда айтылған екінші арызына кедергі келтіріліп жатыр деген заңды сұрақ туындайды.
Соңғы кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары кезінде алаяқтық пен қорқытып-үркіту арқылы тартып алынған бірнеше бизнес пен активтердің иелеріне сот арқылы қайтарылып жатқандығын күнделікті ақпарат көздерінен хабардар болып жүрміз. Оның үстіне әділетті әрі ескі әдеттерден ада жаңа деп биліктің ұрандатқан Қазақстаны тағы бар. Біз ешкімді жақтамаймыз мақалада келтірілген фактілер Марғұлан Сейсембай мен БАҚ-дағы соңғы мәліметтерге негізделген. Алдағы уақытта істің қалай өрбитіні Orda.kz бақылауында болады.
Жаңалықтар
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады