Марат Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды
Фото: Раиса Шер, Facebook Марат Жыланбаев
Адам құқықтары бойынша уәкілдің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер Степногорск қаласындағы №4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың фотоларын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Ақмола облыстық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өкілдерімен бірге олар Жыланбаевтың жағдайымен танысып, өзімен сөйлескен.

Раиса Шер Марат Жыланбаев 45 келі болып қалды деген әлеуметтік желідегі ақпаратты теріске шығарды.

«М.Т.Жыланбаевпен кездесуде мен өзімнің бұл сапарымның мақсатын – оның денсаулығына және салмағының 45 келіге дейін төмендеуіне қатысты қоғамда алаңдаушылық туындауына байланысты екенін түсіндірдім. Марат Төлегенұлы бұл ақпаратқа таңырқап, мұндай жалған хабарды кім және не үшін таратқанын білмейтінін айтты», — деді Раиса Шер.

Оның айтуынша, Марат Жыланбаевтың хәлі жақсы.
«Өзінің айтуынша, оның хәлі жақсы, денсаулығына еш шағымы жоқ. Бұған қоса ол тұрақты түрде спортпен шұғылданады, соның ішінде өзі ұнататын спорт түрі – жүгірумен де айналысады, кітапханаға барып, кітап оқиды» деп жазды Раиса Шер.
Айта кетейік, бұған дейін марафоншының ұлы Рустам Жыланбаев бейнежазба түсіріп, әкесінің жағдайының нашар екенін айтқан болатын.
Еске сала кетсек, Марат Жыланбаев — әлемдегі 4 шөлді кесіп өткен жалғыз марафоншы. Ол Азиядағы Қарақұм шөлінің 1200 шақырымын 20 күнде кесіп өтсе, дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахараның 1700 шақырымын 24 күнде жүріп өткен. Тарихқа енген желаяқ қазақ талай шөлді басып өтіп, 7 рет рекорд көрсетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық