Марафоншы Марат Жыланбаевқа түрмеде қысым көрсетіп жатыр
Фото: Азаттық радиосы
Әлем бойынша сахараны жүгіріп өткен жалғыз марафоншы Марат Жыланбаев колония қызметкерлері өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа хат жолдады.
Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина facebook парақшасында хабарлады.
«Ластаев Мырза, тез арада Марат Жыланбаевқа жолығуыңызды талап етеміз!» деп жазды Бақытжан Төреғожина өз парақшасында Марат Жыланбаевтың хатын жариялап.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Марат Жыланбаевқа Қазақстанда тіркелмеген, «Алға, Қазақстан» ұйымының істеріне қатысы бар және экстремистік ұйымды қаржыландырды деген айып тағылып, 7 жылға сотталды.
Марат Жыланбаев — әлемдегі 4 шөлді кесіп өткен жалғыз марафоншы. Ол Азиядағы Қарақұм шөлінің 1200 шақырымын 20 күнде кесіп өтсе, дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахараның 1700 шақырымын 24 күнде жүріп өткен. Тарихқа енген желаяқ қазақ талай шөлді басып өтіп, 7 рет рекордтық көрсеткішке жетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сондай-ақ, халықаралық «Synergy Global Forum» форумына спикер ретінде қатысқан тұңғыш қазақ. 2023 жылы ғана марафоншы сөз сөйлердің алдында ешқандай дайындық болмағанын, ұйымдастырушылар «өзіңіз жайлы айтсаңыз болды» дегенін хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық