Маңғыстаудағы Құлжан мұнай кен орнында өрт шықты
Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті
Маңғыстау облысындағы Құлжан мұнай кен орнында 2026 жылғы 7 тамызда өрт тұтанды. Өрт «Meerbusch» ЖШС-нің мұнай тапсыру пунктінде шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт РВС №2 (көлемі 2000 текше метр) резервуарындағы тұнбаларды тазалау кезінде ЦА-320 цементтеу агрегатында тұтанған. Жұмыс жүргізілген сәтте резервуар бос болған, ішінде мұнай болмаған.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:20-да оқшауланып, 20:00-де толық сөндірілген. Қазіргі уақытта нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, айтарлықтай материалдық шығын анықталған жоқ», деп хабарлады облыстық экология департаменті.
Мұнайдың технологиялық жабдықтардан немесе нысан аумағынан тыс төгілуіне жол берілмеген. Оқиға туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарланған.
Өрттің шығу себебі, келтірілген ықтимал шығын көлемі және оқиғаға құқықтық баға тексеріс пен нысанды зерттеу нәтижесінде анықталатын болады.
Бұған дейін ТЖМ құтқарушылары көмегімен Астанадағы өртенген сауна, Атыраудағы пәтер, Семейдегі автобус өрті дер кезінде сөндірілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық