«Маңғыстауда мектептің төбесі опырылып түсті»: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында төбесі опырылып түскен мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 23 шілде күні таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданының Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназияның акт залының төбесі опырылып құлады. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 278-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл — ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны туралы бап. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақ ұлттық өнер университетінің ахуалы туралы пікір білдіріп, оны «тоз-тозы шыққан» деп бағалады. Аталған оқу орнын профессор Айман Мұсақожаева басқарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық