Малайзияда көз жұмған қазақстандық студент туралы СІМ түсініктеме берді
Фото: Orda.kz
Былтыр 26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай Малайзияда пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуі салдарынан көз жұмған. Қазақстандық студенттің қазасына қатысты сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қадыр Нұрайдың Xiamen University Malaysia бірінші курс студенті болғанын хабарлаған едік. Туыстарының мәліметінше, оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп, оқу орны қызметкерлерінен медициналық көмек сұраған. Бірақ оған дер кезінде ем қолданылмады.
ҚР ішкі істер министрлігі Малайзия ауруханасында жас қазақстандықтың қазасына қатысты іс бойынша тергеу басталғанын растады.
Ал СІМ-нің мәліметінше, елшілік қызметкерлері аурухана басшылығымен байланыста екен.
«Ауруханада отандасымыздың қайтыс болғаны туралы тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері марқұмның анасына беріледі», деп мәлімдеді ведомство.
Сонымен қатар министрлік марқұмның туыстарына студенттің денесін тасымалдауға көмектескенін айтты.
СІМ-нің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңба Малайзиядағы ҚР елшілігінің консулдық есебінде қазақстандық 63 студент тұр.
Жаңалықтар
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды