Университет немқұрайлығы: Малайзияда қазақстандық студент көз жұмды
Фото: Orda.kz
17 жасар Нұрай оқып жүрген Малайзиядағы университет тарапынан тиісті медициналық көмек ала алмау салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қадыр Нұрай Xiamen University Malaysia бірінші курс студенті. Туыстарының мәліметінше оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп, оқу орнының қызметкерлерінен медициналық көмек сұраған.
«Нұрайдың бірнеше күн бойы дене қызуы 39,5°C-қа көтеріліп ауырды, бірақ медициналық көмек көрсетілмеді. Жедел жәрдем шақыруға тырысқанына қарамастан, университет тарапынан медициналық көмектен бас тартылды. Университеттің қызметкері оның жағдайына тиісті назар аудармады және оның жағдайы нашарлағаннан кейін ғана белгілі бір алаңдаушылық танытты», деп жазылған хабарламада.
26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуінен көз жұмды.
«Қыз ауырханаға түскеннен бастап, пневмония деген диагноз қойылды. Компьютерлік томография, пульмонолог шақырылмаған. Жалпы практика дәрігері емдеді. Балаға дұрыс ем-шара көрсетілмегеннен бақилық болды.», дейді анасы.
Қазір Малайзиядағы Қазақстан елшілігі өлімнің себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық