«Мал қорадан шаршадым»: Өзіне қол салған сарбаздың ата-анасы сот шешіміне наразы
Фото: Бейнежазбадан кадр
Былтыр қарашада 18 жастағы қатардағы жауынгер Мұхамедияр Тастан шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде өзіне қол жұмсады. Биыл 23 сәуірде Семей гарнизонының әскери соты сарбазға «психологиялық және физикалық қысым көрсетті» деп, бөлімшенің кіші сержанты Азамат Тақыбаевты алты жылға соттады. Тақыбаев та, марқұм сарбаздың әке-шешесі де Мұхамедиярдың қазасына жалғыз сержант қана жауапты дегенге келіспейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жеті ай бұрын 18 жастағы ұлын жер қойнына тапсырған түркістандық Арман Тоғызбаев пен Рахима Жандарованың таяуда шыққан сот үкімінен соң да жаны жай табар емес. Балаларының әскерде көрген қорлығы мен тергеу барысы туралы «Азаттық» радиосына олар бірде күйініп, бірде көңілі босап баяндап берді.
Түркістан облысы Жаңабазар ауылының тумасы Мұхамедияр Тастан 2024 жылы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлттық қауіпсіздік қызметіне қарасты «Құмбел» шекара бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. Туыстарының айтуынша, әскерге өз еркімен барған жас жігіт болашақта әскери қызметкер болуды армандапты.
Екі айға жетер-жетпес уақыттан соң үй іші Мұхамедияр шекара бөлімінің қарауыл мұнарасында күзетте тұрғанда өзін-өзі атып тастаған деген суық хабар алған.
«Сот офицерлердің әрекетіне құқықтық-қылмыстық баға берген жоқ. Олар туралы ешкім ештеңе деген жоқ. Сотталған старшина Тақыбаевтың адвокаттары да офицерлердің ісі бөлек қаралуы керек деді. Біз де қайта-қайта сұрадық. Бірақ жауап болған жоқ», – деді Арман Тоғызбаев.
Марқұм сарбаздың әкесі бұл іс бойынша тек бір адамды – кіші сержант Азамат Тақыбаевты ғана соттау туралы келісім болған деп топшылайды. «Сарбаздар да, басқа қызметкерлер де тек сол старшинаны қаралап сөйлеген».
«Әлгі бөлімде балаларды әркім бір ұрған, шетінен зәбір көрсеткен. Қинап қазша жүргізген. Ұйықтатпаған. Құл сияқты ұстаған. Бәрінің қолы көгерген. Енді олар осының бәрін тек Тақыбаевқа жауып отыр. Балаңыздың түбіне жеткен тек сол деп отыр», – деді Мұхамедиярдың әкесі.
Сотталған кіші сержант Азамат Тақыбаев та осылай дейді. «Екі офицер – Тоқсанбаев пен Садықов басқа сарбаздарды маған қарсы сөйлетіп отыр» деп есептейді ол. Өзі марқұм Мұхамедиярға ешқашан қол көтермегенін, қысым көрсетпегенін айтқан.
Тақыбаевтың сөзінше, офицер Тоқсанбаев шекара бөлімінде бірнеше рет сарбаздарға балағат сөздер айтып, Мұхамедиярды ұрғанын да көрген.
«Түнгі уақытта сарбаздарды іш киіммен сапқа тұрғызып, балағаттап ұрысқан сәттер де болды», — дейді ол.
Яғни, сотталушы Тақыбаев Мұхамедиярдың өзіне қол жұмсауына басқа әскери шенділердің сарбаздарға көрсеткен қысымы да әсер еткен болуы мүмкін деп есептейді.
Еске сала кетсек, былтыр әскерге аттанып, мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жағдайы қоғамды дүр сілкіндірген еді. Orda.kz Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын. Былтыр 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды. Сонымен қатар Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтқан болатын. Бұл оқиға да жұрттың жағасын ұстатты.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Жаңалықтар
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады