«Мәйітін шешіндірді»: Шымкентте студент қызды аса қатыгездікпен өлтірген жігіттің соты басталды
Фото: Pixabay.com
Шымкентте 17 жастағы студент қызды қатыгездікпен өлтірген жігіттің соты басталды. Айыпталушы бұған дейін бойжеткенмен қарым-қатынаста болған 19 жастағы азамат. Тергеушілердің деректеріне зер салсақ, ол айырылысып кеткеніне көндіге алмай, бұрынғы қызынан кек алмақ болған.
Orda.kz тілшісі осы жұрттың жағасын ұстатқан жағдай жайлы сот залынан тікелей ақпарат таратады.
Оқиға 12 наурыз күні болған. Қыз жігітпен арасын үзіп, оның нөмірін қара тізімге енгізген. Оның бұл әрекетіне ыза болған жігіт аяусыз қылмысқа барған. Прокурор Әскербек Пошымовтың айтуынша, айыпталушы қылмысқа алдын ала дайындалған. Ол пышақ сатып алып, көлік жалдап, қызды университеттен алып кеткен. Жолда олар сөзге келіп қалған. Содан кейін жігіт қаланың шетіне бұрылып, қызды өлтірген.
«Кеудесінің сол жағына бір рет, арқа тұсына екі рет пышақ сұққан. Қыздың өлгеніне көз жеткізу үшін сол қолымен мойын тұсына бірнеше рет пышақ салған. Содан кейін ғана оның қаза тапқанына көз жеткізген. Алайда, сотталушы мұнымен қылмыс жасауын тоқтатпаған. Ол жәбірленушіні толықтай шешіндіріп, оның жалаңаш денесін қарап, бейнежазбаға түсірген», — деп мемлекеттік айыптаушы қылмыстың егжей-тегжейін жария етті.
Мұнымен қылмыскер тоқтамай істеген қылмысын бейнежазбаға түсіріп алған. Қызды өлтіргеннен кейін жігіт досына барып, екеуі мәйітті қапқа салып, қала сыртындағы жерге апарып тастаған. Қызынан хабар ала алмаған ата-анасы полицияға жүгінген. Келесі күні-ақ күдіктінің және мәйіттің қайда екені анықталды.
«Сіңлім өте ашық, тік мінезді әрі батыл қыз еді. Дәл осы батылдығының арқасында заңгер боламын деп заң факультетіне оқуға түсті. Қайғылы оқиға ол бірінші курста оқып жүрген кезінде болды. Балалық шағынан бастап жаңалықтардан әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен адам өлтіру туралы естігенде әйелдердің ар-намысын қорғау үшін заңгер болатынын айтатын. Оның өмірі тым ерте үзілді. Оның орны үңірейіп қалды. Мұндай қатыгез қылмыс жасаған адам жазасыз қалмауы керек. Мен оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын», — деді марқұмның әпкесі Аружан Ерланқызы.
Фото: Orda.kz / Назерке Еркінбекқызы
Айыпталушыға «Адам өлтіру» бабы бойынша, ал оның досына «Қылмысты жасыру» бабы бойынша айып тағылды.
Еске сала кетсек, тура осы баптарға ұқсас «адам өлтіру» және «қылмысты жасыру» бабы бойынша экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал оның інісі Байжанов 4 жылға сотталған болатын. Биыл Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай елде 15 мыңға жуық тұтқын рақымшылық алғалы жатыр. Бақытжан Байжановтың осы рақымшылықты алуы әбден мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық