Бишімбаевтың інісі рақымшылық алып, бостандыққа шыға ма?
Фото: Orda.kz
ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Алайда оның айтуынша, Бақытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш бермеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша қылмысты жасырып қалғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«Мерзімінен бұрын босату тек сот шешімімен жүзеге асады. Бишімбаевтың інісіне қатысты айтсақ, бұл жөнінде бізге ешқандай құжат түскен жоқ», — деді министр.
Жуырда әлеуметтік желілерде оның мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Себебі Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай елде 15 мыңға жуық тұтқын рақымшылық алғалы жатыр.
Айта кетейік, Бишімбаевтың өзі рақымшылық алмайды. Өйткені «адам өлтіру» бабы бойынша экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Мұндай баппен сотталғандар рақымшылық ала алмайды.
Ал оның інісі заң бойынша, рақымшылық алуы әбден мүмкін.
Еске сала кетсек, «қылмысты жасырды» деген айып тағылып, 4 жылға сотталған Байжанов бұрын сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішінен де бас тартқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық