«Маған қазақ тілі қажет емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері қонақпен жанжалдасты
Фото: 2gis
Алматыдағы Шымбұлақ тау курортындағы Gusto мейрамханасына келген адам өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан қызметкердің әрекетін бейнеге түсіріп, желіде жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мекеме қызметкерлерінің бірі мемлекеттік тілде сөйлеуді сұраған өтінішке дөрекі түрде жауап берген.
«Мен КСРО кезеңінде дүниеге келдім. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеуге және қызмет көрсетуге міндетті емеспін. Маған қазақ тілі қажет емес», - деді мейрамхана қызметкері.
Ер адам мекемеде қазақ тілінде қызмет көрсететін қызметкердің бар-жоғын ғана сұраған көрінеді. Ал Елена есімді қызметкер жанжал шығара бастаған. Мейрамхана қызметкері артық сөйлегенімен қоймай, ер адамды күштеп мекемеден шығаруға тырысқан.
«Мен шамамен 3 сағат уақытымды жоғалттым. Ал туристер мені суық күнде күтіп тұрды. Оқиғаны растайтын бейнежазба, сондай-ақ болған оқиғаның барлығын растай алатын куәгерлер бар. Бұл жағдай жай бір жерде емес, біздің еліміздің имиджі қалыптасатын туристік аймақта болды. Мемлекеттік тілді қорлау — бұл біреудің жеке пікірі немесе ұсақ-түйек мәселе емес. Бұған көз жұмуға болмайды» деп жазды желі қолданушысы.
Көз ұзамай мейрамхана қызметкері де өз шындығын желіде жариялады. Ол ер адамның жала жауып, күш қолданғанын айтты.
«Ол өзін қорғап жатыр. Бірақ ол мені ұрғанын, мені қорқытқанын және мені әлеуметтік желіде жарияламақ болғанын айтуды ұмытып кетті. Менің ең жақын досымның ұлты қазақ. Біз 20 жылдан бері доспыз. Ал мен қазақ тілінде аздап түсінемін және сөйлеймін», — деді ол.
Айта кетейік, оқиға Gusto мекемесінің беделіне де әсер етті. Бір күннің ішінде мейрамхананын 2gis парақшасында қызметкерлердің қазақ тілін білмегендігі туралы шағымдары мен қызметкерді жұмыстан шығару талаптары бар 27 500 жазба пайда болды.
Бүгін, 24 желтоқсан күні қазақ тіліне тіл тигізген әкімші жұмыстан шығарылды.
«Әкімші тарапынан орын алған қате тұжырым үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Бұл сөздердің көптеген адамдардың көңіліне тигенін түсінеміз. Біз мұндай көзқарасты қолдамаймыз және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне әрқашан құрметпен қараймыз. Ішкі қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша, қызмет көрсету стандарттарына және мекемеміздің құндылықтарына сай келмейтін байланысты әкімшімен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады мейрамхана әкімшілігі.
Еске салайық, Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық