Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

cover

Мемлекет басшысының шешімімен Бақытжан Темірболат Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Бақытжан Темірболат бұл қызметті 2019 жылдың шілдесінен бастап атқарады.

Еске салсақ, Қазақстанда жауапты хатшылар институты жойылып жатыр. Олардың функциялары штаб басшыларына беріледі. 10 желтоқсанда парламент тиісті түзетулерді мақұлдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар