М. Әуезов атындағы университеттің ректоры мен серіктеріне сот үкімі шықты
Фото: auezov.edu.kz
Сот М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы ректоры мен оның серіктеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың мәліметіне сүйенсек, айыпталушылар бір топ адаммен алдын ала сөз байласып оқу орнына аса ірі көлемде залал келтірді деген күдікке іліккен. Бұрынғы ректор Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» және «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабымен айыпталған. Қалған сотталушылар да 189-баппен, кейбірі осы бапқа қоса «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» бабымен айыпталған.
Сот үкімімен университеттің ректоры қызметін уақытша атқарған Қайрат Нұрманбетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы депараменті бас есепшісі 5 жыл 7 ай 6 күнге сотталды. Ал әкімшілік шаруашылық қызметі жөніндегі департамент директоры да осындай мерзімге шартты түрде сотталды.
Сондай-ақ кәсіпкер Бердәлі Төлебеков 5 жыл 7 ай 6 күнге бас бостандығынан айырылса, тағы бір Ұлан Байтыков есімді кәсіпкер бас бостандығын 1 жылға шектелді. Жұмыссыз Бектас Қалдыбековке 5 жыл 7 ай 6 күн деген жаза тағайындалды.
Айта кетейік, ректор Қайрат Нұрманбетовтың қамауға алынғаны туралы 2024 жылғы 19 қыркүйекте белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық