М. Әуезов атындағы университеттің ректоры екі айға қамауға алынды
Фото: auezov.edu.kz
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Orda.kz тілшісіне Шымкент сотының баспасөз қызметі растады.
Нұрманбетов 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ректор мен оның орынбасарлары бұл ақшаны университетке жиһаз бен құрал-жабдық жеткізумен айналысатын тендер жеңімпазы атанған компания қызметкерінен алған. Жаңартылған білім ордасын жөндеуден кейін жаңа парталар, орындықтар және басқа да жиһаздармен жабдықтау жоспарланған еді.
«Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 18 қарашаға дейін екі айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, кепіл мөлшері белгіленген жоқ», деп хабарлады баспасөз қызметі.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтың қамауға алынғаны туралы 2024 жылғы 19 қыркүйекте белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық