Лукашенко жаңа президенттік мерзімге кандидатурасын ұсынбайды, ұлын да мұрагер етпейді
Фото: Беларусь президентінің баспасөз қызметі
Беларусь президенті Александр Лукашенко келесі президенттік сайлауға қатысу ниеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол Time журналына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистің алдағы сайлауға қатысуы туралы сұрағына Лукашенко былай деп жауап берді:
«Жоқ, мен қазір енді оны жоспарламаймын, шын айтамын. Өзім үшін ғана іштей ойлаймын, оны да бұрын айтқан емеспін, тыңдаңызшы, Трамп жақында 80 толса да, ол жақсы көрінеді ғой…»
Сондай-ақ ол 2025 жылдың қаңтарында өткен сайлауға да қатысқысы келмегенін, бірақ «қашып кететін сатқын» болып көрінбеу үшін баруға мәжбүр болғанын айтты.
Сонымен қатар ол болашақ мұрагер туралы пікірімен де бөлісті.
Сұхбат барысында журналист Лукашенконың кіші ұлы — 20 жастағы Николай Лукашенконы болашақ мұрагер ретінде атаған пікірлерге де тоқталды.
Алайда президент бұл пікірді жоққа шығарды:
«Жоқ, ол мұрагер емес. Сенің осыны сұрағың келетінін білдім. Жоқ, жоқ, жоқ. Мына сұрақпен оны ренжітіп аласың. Өзіңнен сұрап көр – саған қатты ренжуі мүмкін», – деді Лукашенко.
Ол Николайды «оппозицияға жақын, бірақ шектен тыс емес» деп сипаттады.
Александр Лукашенко болашақта Беларусь президенті бола алатын адам жайлы да пікір білдіріп, оның «саясатты аздап өзгертетін» тұлға болуы мүмкін екенін айтты.
«Тек бірден бәрін қиратып, бұзбасын. Мен секілді, мықты тіректерге сүйеніп, бар нәрсенің негізінде елді біртіндеп, эволюциялық жолмен дамытсын. Революциялық сілкіністердің қажеті жоқ. Бірақ егер қоғамды басқа бағытқа бару керектігіне сендірсе — құба-құп», – деді ол.
Александр Лукашенко 1994 жылдан бері Беларусь президенті қызметін атқарып келеді. Ол соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында жетінші мерзімге сайланды. Беларусьте президент әр бес жыл сайын сайланады.
Жақында Беларусь Президенті Александр Лукашенко кеңесте шенеуніктерді ашыналарына бюджет қаражатын емес, өз ақшасын жұмсауға шақырған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық