Лукашенко шенеуніктерге «нақсүйерлерін» өз есебінен ұстауды ұсынды
Фото: фильм афишасы
Беларусь Президенті Александр Лукашенко кеңесте шенеуніктерді ашыналарына бюджет қаражатын емес, өз ақшасын жұмсауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.
Беларусь басшысы дене шынықтыру және спорт ұйымдарына қолдау көрсету мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Іс-шарада ол елімізде спортты дамытуға бөлінген қаражатты тиімді жұмсау қажеттігін мәлімдеді.
«Еркекше айтқым келеді, туысқандарыңызды, жақындарыыңызды, нақсүйерлеріңізді, тағы біреулеріңізді... өз ақшаңызға асыраңыз. Қаражатты қалаған жерден табыңыздар», - деп мәлімдеді Лукашенко.
Беларусь басшысының айтуынша, мемлекет ақшасының шын мәнінде қайда кетіп жатқанын қадағалаудың қиындығы жоқ.
Басылымның хабарлауынша, өткен жылдың соңында ол республиканың жаңа мәдениет министрі Руслан Чернецкийге мәдениет саласында тәртіп орнатуды тапсырды.
«Руслан, сенде басқа жол жоқ, өл-тіріл осы салада тәртіп орнат», деп деді Беларусь президенті.
Сонымен қатар, ол бұрынғы министр Анатолий Маркевичтің кетуі оның өз жұмысын атқара алмауына байланысты емес екенін, экс-министрді Лукашенко «басқа саладан келген адам» ретінде оған «өте ауыр» болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық